Әдеби KZ
түлкі тымақ, аяғында саптама етік. Сақал-мұрттан қылтанақ жоқ, бет-аузы
жып-жылмағай, бөшкедей сары шал бізді көргеннен кейін, жылан көзін
маған қадап, маңғаздана тоқтап қалды.
– Ассалаумағалейкүм, Бүркітбай аға, – дедім мен елдің үлкендерге
құрметпен осылай сәлем беретін дәстүрі бойынша, өзімнің оған деген
наразылығымды сездірмеуге тырысып.
Әрине, Бүркітбай менің келгенімді әлдеқашан естіген болуы керек. Көргеніне
таңданбады.
Аузындағы насыбайын таяқтай жуан сұқ саусағымен алып, жерге тастап, бір
түкірді де:
– Уағалейкүмуссәлем, қашан келдің, бала? – деді.
– Алдыңғы күні.
– Ойбай-ау, содан бері неғып кеңсеге келмей жатырсың?
– Кеңсеге келетін уәкіл емеспін ғой мен, – деп өзімді өзім зорлай күліп. -
Кеше военкоматқа барып қайттым. Бүгін ауыл аралап, үлкендерге сәлем
беріп жүрмін.
Бүркітбай кекжиіп қалды. Мен де үндемедім. Менің көзім оның басындағы
түлкі тымаққа қайта түсті. Шашақты екі құлағы пілдің құлағындай үлкен сары
тазы көз алдыма елестеді.
Ол Бүркітбайдың қасына керіліп келіп тұра қалып, бірден пілдей боп үлкейіп,
Бүркітбай қандендей кішірейіп кеткен сияқтанды. Содан соң Лашын оқ тиген
пілдей шөгіп, басын алдыңғы екі аяғының үстіне салып, тас болып қатып
қалған іспеттенді...
191
Достарыңызбен бөлісу: |