Әдеби KZ
білезік, алтын сақиналары жалтылдаған сұңғақ бойлы ақ келіншек колхозды
ауылдың келіні болудан гөрі үлкен қаланың артисткасы болуға лайық екен.
Тана екеуміз солай деп ұйғардық.
Сонымен, үшінші күні түнде, шам сөнгеннен кейін, қыз түнде жалғыз жатқан
төсегінің алдына барып, сырт киімдерін шешініп болды да, төрде жатқан
маған тіл қатты.
– Ербол.
– Ау.
– Ұйықтаған жоқсың ба? - Жоқ.
– Онда құлақты сал.
Мен басымды көтеріп, жастыққа шынтақтадым.
– Жұрт соғыстағы жауынгерлерді қыран деп атайды ғой, - деп бастады Тана
сөзін.
Кездескеннен бері оның шешендігіне көзім жеткендей болған еді. Соны
дәлелдей түскісі келгендей бүгін бірден тұспалдап сөйледі. – Осы өңірдің
қыраны өзіңсің. Сонау майданнан шарықтап, туған жер аспанына келіпсің.
Түсер тұғырың тайып кетті, досың өліп қалды. Қияда шарықтап жүрген
қыранның көзіне төменде ілер ештеңе болмай құсалана ма деп, сені
аяғанымнан, әрі жақсы көргенімнен, қызықсаң тоят алар қызылың болайын
деп бел буып едім. Ендігісін өзің біл.
– Танажан, пиғылыңнан садағамын, – дедім мен дауысым дірілдеп. Содан
соң түрегеп, төсегімде отырып, бар сырымды ақтардым. – Мен саған
алғашқы түнде-ақ ынтыққанмын, Тана. Қазір де жүрегім лүпілдеп, құмартып
отырмын. Өзімді қинап, үш күннен бері тежеп келемін. Тежейтінім: ертең
мен соғысқа кетемін. Одан аман-есен оралсам жақсы. – Осы арада мен күле
194
Достарыңызбен бөлісу: |