Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет196/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

отқа күйгендей дуылдап, қанша қышынып, қиналсам да, етіме бір рет тырнақ 

тигізбей шыдап кеттім. 

Осыны үшінші ерлігім деп айтар едім, - депті батыр. 

Мінеки, әр адамның басынан өткерер ерекше үш ерлігі болса, мен мұны өз 

үш  ерлігімнің  біріне  балар  едім,  достар!»  –  деп  Жомартбек  дәптердің  бетін 

жапты. 

Алғашында  бұл  жайды  қыздарды  кейбіреулері  күле,  жымия  отырып 

тыңдағандарымен, ең соңында олардың бәрі де жым-жырт отырып қалды. 

–  Жоқ,  бұл  жазғаныңыз  да  жақсы  екен,  ағай,  –  деді  Меңтай  ғана  әлден 

уақытта. 

–  Оның  несі  жақсы?  -  деп  Зайкүл  шап  ете  түсті.  –  Үш  күн  қыздың  қасында 

жатып, жігер көрсете алмағаны жігіттік пе? 

–  Иә,  неге  жігіттік  емес,  нағыз  жігіттік,  –  деді  Майра  Абаева.  –  Орынсыз 

құмарлық - опасыз жаумен тең. Ендеше адамның өз нәпсісін тыя білуі – үлкен 

ерлік. 


–  Қойыңдаршы,  ерлік  соғыста  болмай  ма?  –  деді  Қанипа  қыздардың  бұл 

өзара таласын өршіте түсу үшін шеткерірек отырғандарға қарап көзін қысып 

қойып. 

–  Рас,  ерлік  соғыста  ғана  болады,  бұл  қайдағы  ерлік,  -  деді  Зайкүл  Қанипа 

өзін қостап отыр екен деп ойлап одан сайын өршелене түсіп. 

–  Ой,  шырағым,  –  деді  Майра  да  қызбаланып,  –  ерлік  тек  қана  соғыста 

болады  деп  кім  айтты  саған?  Біле  білсең,  күнделікті  өмірдің  өзі  ерлік.  Егер 

сен  бірдеңеге  ұшырап  қалып,  мына  Жомартбек  өзіңді  алақанымен  көтеріп 

ауруханаға жеткізсе, ол да ерлік, Жомартбек басын шайқады. 



202 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет