Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет199/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жолдан  таю,  жөнсіздік  жасау  –  адамның  ісі.  Бірақ  адамның  да  адамы  бар. 

Жұрттың  бәрін  жолдан  таяды  деуге  болмайды,  жолдас  Сағынова.  Мақалды 

білген  жақсы.  Бірақ,  әр  мақалдың  мәнін  де  ажырата  білу  керек.  Ас  ішіп,  ақ 

нан жегенді жақсы көріп, арпа мен бидайды айыра алмаудың несі лайық. 

Майра алғашында сөзін кібіртіктеп, күмілжіңкіреп бастағанымен, орынды ой, 

орамды  сөз  тапқаннан  кейін  біржола  қанаттанып,  қайраттанып  кетті.  Үсті-

үстіне бастырмалата екпіндей сөйлеп, Зайкүлдің аузын аштырмай тастады. 

–  Жаса,  Майра!  -  деп  Жомартбек  жалғыз  өзі  аямай  алақан  соқты.  – 

Сағынованы шалқасынан түсірдің. Аяғын аспаннан келтірдің. 

–  Жоқ,  жоқ,  сен  қоя  тұр  оны,  –  деді  Зайкүл  жеңілгісі  келмей.  -  Қыздар, 

айтыңдаршы: 

Ерболдың  қызды  құшақтап  үш  күн  оңаша  жатқандағы  адалдығына  әсте 

сенуге бола ма? 

Ол  Майрадан  басқалардың  өзін  қолдауын  күтті.  Қыздар  сылқылдап, 

сықылықтап күліскендерімен, ешкім оған демеу болар ештеңе айтпады. 

– Мен сенемін, – деді Қанипа сықылықтап күліп отырып. 

– Мен де ағайға сенемін! – деді Меңтай күлместен, байыпты түрде. – Майра 

өте дұрыс айтты. 

– Жоқ, мен сенбеймін, – деді Зайкүл. – Ешқашанда олай болмайды. 

Мен  өз  басымнан  кешкен  адал,  ақиқат  шындыққа  Зайкүлді  сендіре 

алмағаныма ыза болдым. Бірақ, адамның күншуақ жақтарына көңіл бөлмей, 

көлеңке  жағына  көбірек  көз  салатын  Зайкүл  сияқтыларға  не  дауа.  Әсіресе, 

оның  «ешқашанда  олай  болмайды»  дегені  жаныма  батты.  Неге  олай 

болмасқа? Болғанын бастан кешкен кісі айтып тұрғанда неге сенбеске? 



205 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет