Әдеби KZ
Қыздар ду ете түсті.
– Берілсін, берілсін!
– Тіпті болмаса бірінші бастағаны үшін берілсін.
Майра басын изеді.
– Иә, қалағаныңды ата, Сағынова.
Зайкүл қылмыңдап қалды.
– Онда, – деді ол енді тәкаппарлана бастап, - онда мына екі жігіт, Ербол мен
Жомартбек, шөп еткізіп екі жақ бетімнен қатар сүйсін.
Қыздар қыран күлкі болды.
– Жоқ, біреуіміз де жетеміз ғой, – деді Жомартбек.
Зайкүл жетпейді дегендей, басын шайқады.
– Ойынның тәртібі бойынша: қыздар қалаған адамына өз тілегін
орындатады. Осылай ғой? Ендеше менің тілегім айтылды. Екеуің келіп
орындаңдар, солай ма, Майра.
Майра ішек-сілесі қатып, басын изеді.
Жомартбек екеуіміз Зайкүлге қарай аяңдадық. Қыздар қосылып, бір
ырғақпен алақан соқты. Бұл жеңімпазға ойналған туш есебінде болды.
Екінші кезекті Жомартбек алды. Ол ортадағы орындыққа қолына домбыра
ұстап шықты.
Орындыққа отырмас бұрын, артистерше иіліп, қыздарға тегіс ізет көрсетті.
213
Достарыңызбен бөлісу: |