Әдеби KZ
отырған жұрт тым-тырыс тына қалады. Абаевадан рұқсат алған соң
Жомартбек қайта шырқады.
Болмайды пейлі сұлу жаман қатын.
Білмейді үйретсең де сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Еріне былшылдайды елді шағып.
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап, жыбыр қағып.
Кісіге күле сөйлеп келмес жанап,
Былдылдар ел көзінше байын сыбап.
Таусылды күні-түні ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап...
Орамал жерде жатыр, кірі батпан.
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтіне шелектегі ит кеп тисе,
«Кет!» деп те айтпайды оған, құдай атқан. – – о-о-о, е-е-е...
Оуф!
Төрешінің ұйғаруымен Жомартбекке де сүю сыйлығы тиді. Ол алшаңдап,
Зайкүлге қарай жүрді. Ернін шүршитіп, нақ соны ғана сүйетіндей боп,
216
Достарыңызбен бөлісу: |