Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет218/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

әйелдің,  еркек  құмарлығын  қоздыратын  ашық-шашық  жерді  көбейтпей 

жауып,  жария  етілмейтінін  қымтап  ұстауы  абзал.  Әсіресе  етекті  қара  санға 

дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел 

алаңдамайды, адалдық бұзылмайды. 

5. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың. 

6. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлесу – дарақылық белгісі. 

7.  Кемшіліксіз  кісі  болмайды,  оны  көруден  оңай  жоқ.  Кісі  кемшілігін  тез 

көруге емес, тез түзетуге көмектес. 

8.  Қызға  қатты  күлудің  қажеті  жоқ,  жігіттерге  оның  жымиғаны  да  жетіп 

жатыр. 

9.  Ауыз  шешендік  әркімде  болады.  Әсіресе  қыздың  аузы  сүйреңдеп  көп 

сөйлемегені  абзал.  Өйткені  қыздың  күлкісі,  жымиюы,  бас  изеуі,  көзқарасы, 

жүріс-тұрысы  –  бәрі  де  сайрап  тұрған  сөз.  Сондықтан  оның  аз  сөйлеп, 

айналасына ақылмен танылғаны дұрыс. 

10. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді. 

11.  Баласы  арақ  ішсе,  шешесі  у  ішеді.  Маскүнем  жаман  бала  жақсы  ананы 

ажалынан бұрын көрге кіргізеді. 

12.  Жаман  туыс  тістеуік,  жақсы  жолдас  үйірсек.  Жақсы  дос  жаман  әкеден 

артық. 


13.  Үміт  күткен  ұлы  оңбаған  боп  кетсе  –  әке  сорлы;  қызы  күйеуге  өтпесе  – 

шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса  – жігіт сорлы; қыран деп 

тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы. 

14.  Ақкөңіл  мен  адал  ниеттен  туған  іс  әсем  болмаса  да  сүйкімді.  Айла  мен 

арамдықтан туған іс, әдемі болса да жиіркенішті. 



224 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет