Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет220/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жаның  жақсы,  жүрегің  жақсы,  ақылың  парасатты  болса  –  іздеген  досың 

алыстан үйріліп өзі келеді. 

24.  Біздің  ауылдың  қазақтары  баяғы  ескі  әдетпен  әлі  күнге  дейін  жүзге 

бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізін аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы 

деп  жұдырықтап,  жұлмалап  жүндеп  жатады.  Алауыздықтың  атасы  –  жүз 

жойылса екен. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсе екен! 

25.  Ел  билеген  жақсы  адамның  өмірдің  күнделікті  күйбеңімен  кетіп,  ертеңгі 

ұрпаққа  мұра  боларлық  өз  атынан  ештеңе  қалдырмауы  өкінішті.  Абай 

атамыздың өзгелерден артықшылығы да осында – артына тастап кеткен асыл 

кітабында ғой. 

26. Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса 

мақтауға  болар  еді.  Көп  біліп,  түк  тындырмайтындар  да  бар.  Мұндай  іске 

пайдасыз  білгіштікті  білдім  деудің  қажеті  жоқ.  Ондай  «білгіштен»  аз  біліп, 

көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық». 

Меңтай дәптерінің бетін жауып, көкірегіне басты да, жұртқа басын иді. 

Қыздар қозыдай жамырасып, жарыса сөйлей жөнелді. 

– Үндемей жүріп, бар білім сенде екен ғой, Меңтай. 

– Міне тамаша! 

– Кітап сөзінен кем емес! 

– Кей кітаптарды қырық рет ақтарсаң да, мұндай сөздерді таба алмайсың, – 

десті. 


«Меңтайдың  мұнша  сабырлы,  ұстамды  болуы  шеше  тәрбиесінен  екен-ау,  – 

деп ойладым мен. - Асыл ана ешқашан да аптықпа, асықпа, шошақай болма 




226 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет