Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет216/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мен жаңағы махаббат жайында үзінділер оқыған сәтте бар дүниені ұмытып, 

ойымнан шығарған екенмін. Сөйлегенім үшін маған да сыйлық бары, сыйлық 

болғанда  таңдаған,  жаным  жақсы  көрген  қызды  құшақтап,  бетінен  сүюге 

праволы екенім енді ғана есіме түсті. Сол-ақ екен жүрегім өз-өзінен лүпілдеп, 

дүрсілдеп  қоя  берді.  «Сүйсем  бе  екен,  сүймесем  бе  екен?»  деп  ойладым. 

«Жоқ,  осындай  сәті  кеп  тұрғанда  сүйіп  алайын,  ол  қайтер  екен?»  дедім  де, 

ақырын  басып,  Меңтайға  қарай  аяңдадым.  Меңтай  маған  келе  жатыр  деп 

ойламаған  сияқты  қалып  көрсетіп,  басқа  қыздардай  қымсынып,  бетін  баса 

бастаған  жоқ.  Мен  оның  қасына  тақап  қалғанда  да  өзінің  сол  жағындағы 

қыздың  бетінен  сүюге  келе  жатқан  болар  дегендей,  оң  жағындағы  көрші 

қызына қарай мойның бұрып, оны сөзге шақырды. Дәл сол кезде мен, қолы 

дірілдеп,  ең  алғаш  мөр  ұстаған  ауылнайдай  етектей  ернімді  жиған  боп  сәл 

бүрістірдім  де,  оны  Меңтайдың  қағаздай  мойнына  былш  еткізіп  басып  кеп 

қалдым.  Бейқам  отырып,  селк  еткендей  болып  және  қытығы  келген 

сияқтанып  қыз  мойнын  ішіне  тартыңқырап,  қайтадан  сол  жағына  қарай 

бұрды.  Ол  кез  менің  қызға  құмартып,  қиналып  жүрген  шағым  емес  пе? 

Егеудей ернім Меңтайдың мойнын, кішкентай құлағын үйкелеп барып, лезде 

қып-қызыл боп кеткен ақ бетінің ұшына тоқтады. Оны, өзімше ақырын өптім 

де,  қыздарды  қыран  күлкіге  батырып,  мас  кісідей  сенделектеп  өз  орныма 

қарай аяңдадым. 

Менен кейін қыздар бірлесіп тағы да өлең айтты. Бірақ олардың не айтқанын 

мен  ұққаным  жоқ.  Меңтайдың  бетінен  бір  сүйгенге,  бір  шиша  шербетті 

басыма  көтеріп  жалғыз  сіміргендей,  өз-өзімнен  масайып,  буын-буыным 

құрып, елтідім де отырдым. Сол кезде қолына шағындау дәптер ұстап ортаға 

Меңтайдың өзі шықты. 

–  Ойынның  шарты  өзгешелеу  нәрселер  даярлап  әкелуді  талап  еткен  соң,  - 

деді Меңтай бөгеле сөйлеп, – мен мына бір дәптерді ала салып едім. Мұнда 




222 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет