Әдеби KZ
сені тастап кетеді; өтірікшіден аулақ бол, ол сені өсекке танғанын өзі де
сезбей қалады.
ІІ. Бір адам қазының алдына келіп: менің үш түрлі құмарлығым бар, олар:
шарап, әйел, өтірік айтушылық. Осы үшеуінің қайсысын тастасам екен? –
депті. Қазы ойланып отырып:
«Өтірікті тастағаның жөн болар» депті. Кеңес алған адам қайтып кетеді. Бір
күні оның бөтен әйелге көңілі ауады. Сонда оның басына мынадай ой келеді:
іс аяғы насырға шауып, қазыға барсам – ол менен «басқаның әйелін
азғырғаның рас па?» – деп сұрайды. «Иә» десем, жазаға ұшыраймын, «жоқ»
десем, өтірікші боламын. Қой, одан да әйел құмарлықты да тастайын деген
қорытындыға келеді. Сөйтіп ол өзінің шарап құмарлығын да тастаған екен.
«Бұл байғұс неге шөлге құмар?» деп балық түйеқұсқа таңданады екен. «Бұл
неге соншама суға ғашық?» деп түйеқұс балыққа таңданатын болса керек.
Інжу теңіздің терең түбінен алынады. Теңіздің суығына тоңып, суына
тұншықпағанның інжу мен меруертке қолы жетпейді. Махаббат та сол
сияқты.
Жылтыраған кішкентай ұшқыннан лапылдаған өрт тұтанады. Махаббат та сол
сияқты.
Жаманға бастамақ мұраттан, жақсыға бастар ұят артық.
Шөлдемей тұрғанда екі рет ішкен судан, шөл қысқанда бір рет қанғанның өзі
абзал.
Жалықпайтын жан жартасты мүжіген сумен тең.
Кінә тағу – кикілжіңнің алғысөзі.
Зеріккіш жанның махаббаты қайтарылмас қарызбен тең.
230
Достарыңызбен бөлісу: |