Әдеби KZ
Мен оған шындап жауап бердім.
–Адам бойындағы, әсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тәрбиеден ғой.
Апам маған ылғи: «Қарағым, адамды білмей жатып, асығыс жамандама. Кім
біледі, сол жаман деген адамның да жақсылығы болар» деп отырушы еді.
Мен ол кісінің өмірі біреуді «ол солай» деп жамандағанын естіген емеспін.
Одан соң адамға тәрбиені мектеп пен кітап береді ғой, – дедім.
– Мектепте мен де оқыдым, менің де шешем бар. Ендеше мен неге сен
білгенді білмеймін.
Бірақ мен ешқашанда бастаған кітабымның аяғына шыққан емеспін. Неге
екенін білмеймін, кітапты қолыма алсам-ақ ұйқым келеді.
– Сен де жақсы қызсың, – деп мен З.-ның мойнына құшақтадым. – Сен ақ
көңілсің, ойыңдағыны жасырмай тура айтасың. Бұл - жақсы адамның қасиеті.
Бірақ сен сәл ұшқалақсың, көргенің мен естігеніңді байыптай бермейсің.
Аздаған көрсеқызар, модашылдығың бар. Бірақ мұның бәрі кейін өзінен-өзі
қалады.
– Рас айтасың ба? Мен шынында жақсымын ба? - деп 3. қуанып қалды.
Қуанғаны сондай, ол маған ақылдасамын деп келген әңгімесін де
аяқтатпастан ұмытып кетті.
Біз университеттің екінші курсын аяқтауға айналдық. Ертең бәріміз соңғы
емтиханды өткізіп, үшінші курсқа көшеміз. Кейбір қыздар көше алмай қала
ма деп қорқып жүруші едім. Әупірімдеп олар да өтіп келеді. Оларға емтихан
кезінде Е. ағай қатты көмектесті.
Ертең кешке курсты бітіруге арналған кешіміз болады. Оған бәріміз жаңа
нәрсе даярлап апаруға келістік. Мен «Апамның айтқандарын» оқып берсем
деймін».
238
Достарыңызбен бөлісу: |