Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет240/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

сабырлылығына  сүйсінемін.  Мен  іштей  осы  қыз  өзімнің  жарым  болса  екен 

деп  тілеймін.  Бірақ  сол  тілегімді  оған  ашып  айтуға  тіл  жоқ.  Тіл  бар-ау,  тілге 

тілекті  жеткіздірер  тәуекел  жоқ.  Өйткені  қыз  мені  «аға»  деп  ардақтайды, 

туысындай көріп, құрметтейді. Оның осыдан басқа ойы жоқ. Ойы жоқтығын 

қысқы  каникул  кезінде,  «Қызыл  көрпе»  өлеңіне  байланысты  бір  білдірді. 

Кеше  оны  тағы  да  аңғартты.  Кешке,  сауықтан  кейін  университеттен 

жатақханаға  қайтып  келе  жатқанда  менің  бетіңнен  сүйгеніме  өкпелеген 

жоқсың  ба  деген  сұрағыма:  «Жоқ,  біріншіден,  ол  ойынның  шартына 

байланысты болды ғой. Екіншіден, сіз менің ағайым іспеттісіз. Ағасы бетінен 

сүйгенде  қарындасы  өкпелеуші  еді  ме?»  деп  жауап  берді.  Бірақ  Меңтай 

қалай қашқалақтаса да, менен бойын аулақтатса да, бәрібір, мен оны жақсы 

көремін.  Ол  күндіз  ойымнан,  түнде  түсімнен  шықпайды.  Маған  бір  ауыз 

жылы  жауап  бермесе  де  мен  оның  жақыннан  жүзін,  алыстан  қарасын 

көргенге  мәзбін.  Анадайдан  Меңтайдың  төбесі  көрінсе  болды,  желді  күнгі 

диірменнің  қалағындай  қалбалақтаймын  да  қаламын.  Өзімнің  соншама 

күлкілі  жайға  түсетінімді  сеземін.  Сезсем  де,  сезімімді  тежей  алмаймын. 

Ыржалақтап  күліп,  ықыластанып  қауқалақтай  беремін.  Бірақ  қыз  оны 

сезбеген, ұқпаған қалып танытады. 

Менің  жүрегімде  оған  деген  соншама  ыстық  сезім  барын  білмеген, 

түсінбеген  күй  көрсетеді.  Қазір  де  оның  менің  өзі  жайында  ғана  ойлап 

тұрғаныммен  шаруасы  жоқ.  Маған  көз  қиығын  да  салмастан,  жүзін  де 

бұрмастан  қыздармен  қосыла  ән  шырқап,  ән  ырғағымен  сәл  тербеле, 

теңселіп тұр. 

...  Түскенде  сен  есіме,  ерке  Гакку,  құлпыртып  осынау  әнді  толғанамын,  –

дейді  Меңтай  қыздармен  қосыла.  Қыздар  бұлай  десе,  мен  ішімнен,  сол 

әуенге  қосып  өз  әнімді,  өз  жүрегімді  жарып  шыққан  жырымды  ағытамын. 

Мен де өз-өзімнен ырғалып, толассыз тербелемін. 




246 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет