Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет239/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бір  вагонның  қасында  ән  басталуы-ақ  мұң  айтқан  екен,  біртіндеп  басқа 

вагондар  тұсынан  да  көп  дауыстар  қосыла  әуендер  шырқалып  кетті.  Бізге 

көрші вагонның жерде тұрған жолаушы қыздары «Басында Қамажайдың бір 

тал  үкі»  деп  бастап,  құйқылжыта  шырқаса,  бір  жағымыздан  «Маусымжан, 

Маусымжан,  танимын,  сәулем,  даусыңнан»  деп  жігіттер  екпіндете  және 

жөнелді.  Одан  әріректе  «Айттым  сәлем,  қаламқас»,  «Айнамкөз»  айтылып, 

енді  бір  жақтан  «Қызы  едім  мен  Уәлидің...»  деп  Майра  әні  сайрады.  Мен 

Жомартбек  бастаған  әннің  «еги-гай,  ек-кәйін»  қоя  салып,  солардың 

әрқайсысына кезек құлақ тігемін. 

Студенттер  мен  жүргінші  жолаушылар  жаңа  ғана  чемодан  сүйретіп,  жүк 

арқалап,  қайшы  алысқан  перронның  енді  лезде  ән  алаңына  айналып 

кеткеніне таң қаламын. Әр жерде нақыш-мәніне келтіре шырқалған әндердің 

таныс әуендері мен сөздері жүректі қытықтай, жанды тербей тамылжиды. 

Сенен артық жан тумас, 

Туса туар артылмас... 

Мен  еріксіз  Меңтайға  қарадым.  Ол  ақ  маңдайы  жарқырап,  қыздар  айтқан 

екінші ән 

«Гаккуге» сабырмен қосыла шырқап тұр. 

Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым, 

Ән салып, талай жердің дәмін таттым... 

Әннің  әр  сөзін  айтқан  сайын  қыздың  оймақтай  аузынан  көрінген  кіршіксіз 

аппақ тістері жарқ-жұрқ етіп, көз шағылыстырады. «Секілді қолмен тізген іш 

қайнайды»  деген  ақын  сөзі  ойға  оралады.  Менің  де  ішім  қайнайды.  Мен 

қыздың  мінез,  көрік,  келбет,  ақыл,  парасатына  қызығамын.  Мен  оның 

адамгершілік 

инабат, 

ұстамдылығын 

ұнатамын. 

Сары 


алтындай 


245 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет