Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет238/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жазулары бар вагондарға жақындадық. Бұл поезбен Меңтай, Майра, Сақила 

аттанбақ. 

Олардың жүгін вагонға жайғастырып, жерге түстік те, алқа-қотан тұра қалып, 

әнге кірістік. Әнді Жомартбек бастады. 

Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты. 

Сөзі бар алуан, шекер, балдан тәтті... 

–  Бәсе,  –  деп  сықылықтай  күлді  Зайкүл.  –  Жомартбек  «Аққұмды»  айтатын 

шығар деп едім, тура содан бастады. Енді оны поезд жүргенше созады бұл. 

Жомартбек  өзіне  қарап  күліп,  бірдеңе  деп  тұрған  Зайкүлге  басын  изеді  де, 

әнін тоқтатпай жалғастыра берді. 

Адамның өзім көрген абзалы екен, 

Айтайын әнге қосып... перизатты, 

Еги-гай, 

Еги-гай, 

Ек-кәй. 


Еги-гай, – деп ол, қай жерінен суырып алғаны белгісіз, құрықтай ұшталмаған 

қара қарындашты бізге қарай сілтеп, сәл  бөгелді де: «Ал  енді қосылыңдар» 

дегендей, әрқайсымызды бір нұсқап, 

Дирижерше басын изей бастады. Біз тез әннің қайырмасына кірістік. 

Еги-гай, сәулем, Еги-гай, сәулем. 

Еги-гай, еги-гай! Еги-гай, сәулем, Еги-гай! 




244 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет