Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет241/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бәрі аз бағасына барша санның, 

Тәж, тағы, мал мен мүлкі патша, ханның, 

– Меңтайды мәңгі құшып, сүйетұғын 

Бар екен не арманы жігіт-жанның?.. 

Мен  қайта-қайта  жаутаңдап  Меңтайға  қараймын.  «Жанымның  жырын 

ұқсаңшы,  жүрегімнің  тебіренісін  тыңдасаңшы!»  деп  жалынғандай  боламын. 

«Мен сені екі ай көрмеймін. Екі күн көрмесем, есім шығатын басым, екі айға 

қалай шыдаймын, Меңтай? 

Сол  екі  айға  азық  боларлықтай  етіп,  маған  бір  рет  қиыла  қарасаңшы, 

аясаңшы  мені»  деп  жылағандай  боламын.  Бәлкім,  көлденеңнен  анықтап 

қараған адамға менің иегім дірілдеп, ернім кемсеңдеп кеткен де шығар. Бір-

ақ  әсем  әнге  елтіген  жұрттың  ешқайсысы  менің  көріксіз  бетіме  көңіл 

аударған жоқ. 

Вокзал  радиосы  поездың  жүруіне  бес  минут  қалғанын  хабарлап,  перронға 

«Саржайлау» күйінің екпінді әуенін төкті. 

Осы  кезде  қыздар  мен  жігіттер  шыр  көбелек  айналып,  етектер  үйіріліп, 

еріндер  күлімдеп,  вагондар  алды  би  алаңына  айналып  кетті.  Екі-екіден 

жұптасқан жастар аяқтарының ұштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды 

бірін-бірі  қуалаған  сансыз  құйынға  толып  кеткен  сияқтанды.  Қан  көбелек 

айналған сол құйындар көкке бұраңдадай бұралып қазір ұшып-ұшып, биіктеп 

самғап, алыстап кететін іспеттенді. Жомартбекпен билей жөнелген Меңтайға 

көзім түсіп еді, екі бетінің ұшы қызарып, екі танауы әсем боп делдиіп кеткен 

Меңтайдың  кішкентай  әдемі  аяқтары  жерден  жоғарылап  көтеріліп  барады 

екен.  Одан  айырылып  қалардай  зәрем  ұшып,  «алла!»  деп  мен  көзімді 

жұмдым. Менің бақытыма қарай осы кезде күй аяқталды да, бауырын жазып 




247 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет