Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет244/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сәлиманың  шерін  соғыс  тұншықтырған  еді.  Мұндай  келбет-көркі  келісті, 

ақыл, парасаты мол, жаным сүйген жақсы қыздан айырылып қалсам, сорлы 

жүрегім  өмір  бойы,  қап  арқалаған  қайыршыдай  арман  арқалап  кетпей  ме 

амалсыз.  Мұны  ұмыттыратын  басқа  жақсы  қызға  кездессем  құба-құп, 

кездеспесем,  мүгедектей  мұңды  болып  қалмаймын  ба  өмір  бойы.  Ендеше, 

аузын буған өгізге ұқсап, сегіз ай бойы неге жүрдім үн-түнсіз? Неге айтпадым 

шынымды? Неге аяғына жығылып, «жарым бол» деп жалынбадым мен оған? 

Кейбіреулер қызды бір көргенде-ақ «Мен саған ғашықпын. Мен сенсіз өмір 

сүре алмаймын» деп, жетім қозыдай қақсамай ма, жақ жаппай? Құмарлығын 

ғашықтыққа  балап,  қыр  соңынан  қала  ма  қыздың  ондайлар?  Қант  салған 

қаптай ғып, қолма-қол жүрегінің аузына ашып тастамай ма аңқайтып? 

Ендеше  мен  шын  ғашықтық  сырымды  неге  ақтармадым  сонша  күннің 

ішінде»,  –  деп  іштей  еңіреп,  өз  бармағымды  өзім  шайнап,  сүйретіліп 

вокзалдың  қақпасынан  әрең  шықтым.  Жаным  жаңағы  поезда  кетіп,  бұл 

жерде құр сүлдерім ғана қалғандай, мең-зең күйде Жомартбекке ілесіп келіп 

трамвайға  міндім.  Трамвай  Карл  Маркс  көшесімен  жоғары  өрлеп  келіп 

Шевченкоға қарай бұрылған бұрышта Жомартбек түсіп қалды. 

Қаладағы  туыстарының  бірінің  үйіне  кетті.  Менен  Жомартбектің  жағдайы 

әлдеқайда  жақсы:  мынадай  үлкен  қалада  ағайын-туғандары  бар.  Солардың 

үйіне  барып  ас  ішеді,  аунап-қунап  қайтады.  Елде  әке-шешесі,  бір  ауданды 

билеп тұрған ағасы бар. Онда барса да күп ете түседі. Ал менің сүйеніш болар 

қалада да, ауылда да ешкімім жоқ. Сорайған соқа басым. Қаладағы жалғыз 

танысым  майдандас  жолдасымның  соғыстан  мүгедек  боп  келген  ағасының 

үйі.  Көп  балалы  және  жалғыз  кісінің  пенсиясына  қарап  отырған  ол  үйге 

сомадай  боп  сопиып  қашанғы  бара  бересің.  Әскерден  алғаш  келгенімде 

паналатып,  жатақханаға  көшкенше  тар  үйінің  бір  бұрышынан  орын 

бергенінің өзіне рақмет. Тірі болсам, ағайдың ол жақсылығын өтермін әлі. 




250 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет