Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет246/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бірақ  ол  бұрынғы,  қатты,  икемсіз  күйінде  қалды.  Жатақхананың  сыртқы 

есігінің  маңдайшасына  орнатқан  жаппаның  тіреу  ағашына  қыстырып,  ішке 

кірдім.  Алақаныма  қызыл  кірпіштің  қып-қызыл  ұнтағы  жосадай  жұғып 

қалыпты. Ғашықтық ізі осы болғаны ма деп ойладым езу тартып, өзімді-өзім 

мысқылдап. 

Жоқ,  мен  өзімді-өзім  бекерге  мысқылдаппын.  Ғашықтық  ізі  болады  екен. 

Бірақ  ол  топыраққа,  тасқа  түспейді  екен.  Мен  оны  жүрген  жолдан  бекер 

іздеппін. Асфальтқа орынсыз үңіліп, жан-жағыма босқа жалтақтаппын. Ол  із 

өзге  жерге  түспепті,  менің  жүрегімде,  ойымда  қалыпты.  Оны  мен  екінші 

этажға  көтеріліп,  дәлізбен  сүйретіліп  Меңтай  бөлмесінің  алдына  барғанда 

білдім.  Оны  мен  өз  бөлмеме  кіріп,  жастығымның  астында  жатқан  қойын 

дәптерімді қолыма алғанда көрдім. 

Неге  екенін  білмеймін,  өз  бөлмемнің  алдынан  өтіп,  Меңтай  бөлмесінің 

есігіне бардым. 

Сол жерден қайрылғым келді. Сол жерде Меңтайдың осы бөлмеден шығып 

бара жатқанда соңғы айтқан сөзі ойыма оралды. Қыздар топырлап бөлмеден 

сыртқа қарай беттеген еді. 

Олармен  ілесе  Жомартбек  шығып  бара  жатты.  Зайкүл  мен  Меңтай  есікке 

қарай аяңдады. 

Ең соңында жүкті алып, мен шыққалы жатыр едім. Есікке бара беріп Зайкүл 

жалт бұрылды. 

–  Ойбу,  мен  айнаға  қарамаппын  ғой,  –  деп  жүгіріп  барып  бұрыштағы 

шифоньердің  есігін  ашты.  Оның  қақпағының  ішкі  жағындағы  шар  айнаға 

итініп, тыртысқан маңдайын, ұйпаланған қасын сипады.  – Тұра тұр, Меңтай, 

мен бетіме опа жағып алайын. 




252 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет