Әдеби KZ
– Жоқ, Зайкүл, мен сенің орнында болсам опа да ұстамас едім, жосаға да
жоламас едім.
Ойға емес, опаға, бойға емес, бояуға қызыққан жігіттен не барқадар шығар
дейсің.
Туфли өкшесінің тықыры шықты. Екі қыз ашық тұрған есіктің
табалдырығынан аттады.
Зайкүлдің қоңырқай беті айран жаққандай ала қожалақ бола қалыпты.
Сонысын сұлулық санап, кішкентай ешкі басын кекжите ұстап, қасымнан өтті.
Мен дереу есікті қайырып, кілтін сала бастадым. Кілтті бұрап жатып,
Меңтайдың Зайкүлге айтқан сөздерін есімде қалдыруға тырыстым.
Екі қыздың соңынан жүгіре аяңдап, баспалдақпен төмен түсіп келе жатсам,
төменгі этажда қыздар күтіп тұр екен.
– Сен үшеуің қоштасып шыққаннан саумысыңдар? - деді Қанипа көзін
ойнақшыта, мойнын қиқаңдатып.
– Жо-о-ға, – деді Меңтай дауысын созып. – Мына Зайкүл айнаға қарап
аламын деп.
Мен Берлин қақпасының кілтін ұстағандай масаттанып, қолымдағы кілтті
жоғары көтердім.
Қыздар бөлмесінің алдына барғанымда кенеттен сол сөздер ойыма түсті.
Ұмытып қалмау үшін жазып қояйын деп, өз бөлмеме келіп дәптеріме
үңілдім. Түні бойы отырып көшірген жазуларым көзіме оттай болып және
басылды. Бұл да Меңтай сөздері, соның ойлары.
Ендеше ғашықтық ізі деген осы емес пе? Ақ қарға түскен қызыл түлкінің
ізіндей сайрап ол көңілде, көкіректе, ойда қалады екен ғой. Ғашықтық ізін
тек қана жүректен іздеу керек екен ғой.
254
Достарыңызбен бөлісу: |