Әдеби KZ
Ондайда Пернеш дәлізден бізді іздеп, соңымыздан қуып жүреді. «Қайда
қашып кеттіңдер?
Келсеңдерші мынаны бөліп жейік» деп шыр-пыры шығады. Кейде екеуміз
оңаша қалсақ ол маған: «Ағай, мынадан бір алып жіберіңізші, жалғыз менің
тамағымнан өтпей отыр» деп жалынады. Ал Төлеубектің тамағынан өте
береді. Ол ешкімге дәм де таттырмайды, жұрттың көзінше теріс қарап алып,
үйінен келген сары май мен жентті қара нанға жағып, күйсетеді де отырады.
Күн сайын сөйтеді. Бір күні Төлеубек төсегінің алдында теріс қарап жайланып
алып, қарыннан шыққан сап-сары майды нанға жағып, жаңа аузына тыға
бергенде, жанына Жомартбек жүгіріп барды.
–Төке, мынаған да жағып жіберіңізші, жүрегімді жалғайын, - деп қалжың-
шыны аралас қолындағы бір жапырақ нанын тосты.
– Жоқ, бітті, – деп Төлеубек дереу төсек астындағы қара чемоданға құлыпты
салды да тастады.
Осыдан кейін Төлеубек күндіз жұрт көзінше қара чемоданға жоламайтын
болды. Сөйтсек ол түнде, біз ұйықтағаннан кейін, өз тамағын өзі ұрлап жеуге
көшіпті. Оның бәрін Жомартбек қу біліп жүріпті. Бір күні түнде мені біреу
төсегімнен жұлқылап оятты.
Сөйтсем, Жомартбек екен.
– О, не болды?
– Ереке, тұрыңыз, осы үйге ұры кіріп кетті.
– Қайдағы ұры, не алады бұл үйден? – деймін мен ештеңе түсінбей.
– Жоқ, өзіңіз тұрыңызшы, - деп ол болмай орнымнан тұрғызды да, қараңғыда
қасыма отыра қалып баяндай бастады. – Шырт ұйқыда жатыр едім, еден
сықыр ете түсіп, оянып кеттім.
257
Достарыңызбен бөлісу: |