Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет259/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

деген ишарамен мен көзімді жұмдым. – Ал сен менің айына қанша гонорар 

табатынымды білесің бе? Аһ? 

Мен тағы да басымды шайқаймын. Шалдуар одан сайын мәз болады. 

– Әр айдың аяғында мына дөдең, – ол бармағын шошайтып, кеудесін түртті, 

–  мың  жарым  –  екі  мың  сом  гонорарды  қалтасына  салып  алып,  талтаңдап 

жүре  береді.  Оның  үстіне  менің  ай  сайын  сегіз  жүз  сом  жалақым  тағы  бар. 

Енді осының бәрін қосшы өзің. 

– Көп ақша ғой, - дедім мен. 

– Жоқ, өзің қосшы кәне. 

– Екі мың үш жүз - екі мың сегіз жүздей-ау деймін. 

– Дәл, дәл. Кейде мына үшеудің өзі де боп кетеді, аһ! – деп ол бармағымен 

шынашағын басып тұрып, қалған үш саусағын шошайтады. – Міне көп ақша 

қайда жатыр? Ал сен отыз сомды көп ақша көресің. 

–  Рас,–деймін  мен  Шалғынбаевтың  қаламақысынан  басым  айналғандай 

төмен қарап. -  

Маған айына екі-үш жүз сомның жұмысы табылса да істер едім. Алда жазғы 

каникул келе жатыр. Ол кезде жұмыссыз бос жүру де қасірет қой... 

– Әй, - деді Шалғынбаев ұзаңқырап барып тоқтап тұрған есек арбаға қарап, 

аяғын  шапшаңдата  басып,  –  біздің  редакцияда  екі-үш  жүз  сомдық  жұмыс 

болмайды.  Курьердің  өзі  айына  төрт  жүз  сом  алады,  корректорлардың 

айлығы  алты  жүз,  әдеби  қызметкерлердікі  сегіз  жүз.  Сен  сияқты  шикі 

студентке  әдеби  қызметкер  болу  қайда.  Сен  корректорға  да  жарамайсың. 

Егер курьер болғың келсе, ертең бізге кел. Мен сені жауапты секретарға алып 

барайын.  Кеше  Нюра  деген  курьер  қызымыз  демалысқа  шықпақшы  боп, 

орнына кісі табылмай жатқан сияқты еді. 




265 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет