Әдеби KZ
мырзалығына қарай бірдеңе алатын көрінеді. Түске дейін 2-3 арба тиесіп,
мен де он-он бес сомдай ақша таптым. Бірақ, қыстағыдай емес, жұрт аяғы
сирек. Қыста машина мен машина қағысып, біреуге біреу жол бермей ыю-
қыю боп жатушы еді. Енді алматылықтар жазда от жағып, ас пісірмеуге ант
етіскендей, тыйыла қалыпты. Мандымды ештеңе болмаған соң, мен түн ауа
қайтайын деп қалаға қарай беттедім. Сексеуіл базасынан шыға берісте есек
арбаға еріп келе жатқан Шалдуар Шалғынбаев кездесе кетті.
– Ay, аманбысың, Қарадомалақ, ah! – деді ол мені көре салып, бейне бір
редакцияның дәлізінде тұрғандай өктемсіп.
– Сәлеметсіз бе?
– Е, неғып жүрсің мұнда?
– Жұртқа сексеуіл тиесейін деп келіп едім.
– Жүр, онда маған да тиес.
Шалдуар мені қолтығымнан алып, кейін қарай бұрды. Ықылас, ризалығымды
да сұраған жоқ. Екеуміз есек арбаға мөлшерлеп екі жүз елу килограмм
сексеуіл салдық. Шалдуар қолының ұшымен ғана қимылдайды, көбінесе
маған бұйрық берумен жүр.
– Әй, анау қуарған кәрі сексеуілді арбадан алып таста.
– Неге?
– Сол. Оның орнына мынау бұғының мүйізіндей ербиген жасын сал.
– Жас сексеуіл жаруға қиын болады.
– Неге қиын болады? Балталаймыз онда.
– Балта өтпейді.
261
Достарыңызбен бөлісу: |