Әдеби KZ
ғана. Сен білесің бе? – деп Шалғынбаев оң қолының бармағы мен сұқ
саусағын біріне-бірін жақындата ұстап, менің көз алдыма тосты. - Бес жолдық
мынадай информацияға бар ғой, бізде он сом қояды. Ал мынадай болса, -
сұқ саусақ пен бармақтың арасы алғашқыдан алшая түсті, – жиырма сом.
Егер информацияның көлемі мынадай болса, – ол бір нәрсені өлшеп
жіберетіндей боп қарысын көрсетті, – алпыс сом. Білдің бе: бір қарыс
информация жазсаң, бірден алпыс сом аласың. Ah! Бұл газеттің бір
нөмерінде бір информацияның ғана шықса алатынын. Кейде бір номерде
бірнеше информацияның шығып кетуі де ықтимал. Ол өзіңнің пысықтығына
байланысты. Ал айына газеттің неше нөмері шығатынын білесің бе 25-26
нөмері шығады.
Сонда бір айда орта есеппен он бес информация шығарған журналистің өзі
тоғыз жүз сомдай ақша табады. Білдің бе? Аһ!
Шалғынбаев маған ежірейе қарап, бармағын шошайтты. Мен көзім
бақырайып, басымды изедім. Тегі Шалғынбаевтың менің көзімді мүлде
ұясынан шығарып жібергісі келді-ау деймін, сол қабағын шытыңқырап
маңызданды да, қайтадан сөйлеп кетті.
– Мен өзім информацияны кәсіп қылмаймын, – деді ол әлденеден
жиіркенгендей танауын тыжырайтып. – Оны кәсіп қылу тышқан аулаумен
бірдей. Мен етектей-етектей очерктер жазамын. Сен менің бір очеркіме
қанша гонорар қойылатынын білесің бе? Аһ!
Мен басымды шайқаймын. Менің оны білмегеніме Шалғынбаев одан сайын
разы бола түседі.
– Білмейсің. Саған оны білу қайда? Мен бір очеркіме алты-жеті жүз сом
аламын! – «Ал, қалай?» дегендей, ол бетіме қарады. «Сұмдық көп екен!»
264
Достарыңызбен бөлісу: |