Әдеби KZ
сексеуіл жігері жалаңаш қолымды жаңғыртып, өн бойымды электр тогы
соққандай дip-дip еткізеді. Сонда да тістеніп, тырмысып жатырмын. «Мұны
өзім жаратынымды білгенде бағана тез сынатын шірік сексеуілді көбірек
салатын едім ғой» деймін ішімнен. Бірте-бірте алақанымның терісі ойыла
бастады. Ақыры, қолым шыдамай бара жатқан соң, жарылған сексеуілді
аяғының ұшымен жинастырып тұрған Шалдуарға бұрылдым.
– Шәке, жаман қолғап бірдеңе табылмас па екен?
– Ой, сен, өзің... студенттің жаман қолын аяп, – деп ежірейді ол маған, екі
қолын қалтасында ұстап, шірене тұрып. – Мен саған жаман қолғапты қайдан
табамын?
– Қол шыдамай барады, – дедім мен Шалдуардың қолғабы жоғына бейне бір
өзім кінәлідей-ақ ыржия күліп.
– Онда несіне солдат боп жүрсің, бес тал ағашты жару қолыңнан келмесе?
Жә, жар да, болған соң ана сарайға үйіп, құлпын сыртынан баса сал да,
жатақханаңа жүре бер.
Осыны айтып Шалдуар алшаңдап үйіне қарай кетті.
«Жұрт қажылы сөйлеп, сәл кішілік көрсетсең, өстіп иығыңа мініп алатыны
жаман, – деймін мен өзімнен-өзім күйіп-пісіп. – Маған бірдеңесін өткізіп
қойғандай әкіреңдеп, алшаңдауын. Солдатты адам емес темір деп ойлайды
екен-ау бұл. Көрер едім соғыста болсаң, сенің жаныңның қандай темірден
соғылғанын!» Өстіп, іштей күңкілдеп қанша ұрысқаныммен, ол күні
Шалдуардың бар шаруасын тап-тұйнақтай етіп тындырып кетуіме тура келді.
Ертеңінде, сағат таңертеңгі тоғыздан аса үкідей ұшып редакцияға жеттім.
Редакция орналасқан үш қабат үйдің алдына келсем-ақ менің жүрегімді
өзгеше бір лүпіл кернейді.
267
Достарыңызбен бөлісу: |