Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет263/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Жүр,  –  деді  ол  өкім  үнмен  иығымнан  жұлқып  қалып.  Бағанағыдай  емес, 

Шалдуар  енді  маңғаздана  аяңдады.  Мен  сүмеңдеп  соңынан  ілестім.  Ілесе 

бере, оған тағы бір сұрақ қойдым. 

– Шәке, біз кімге барамыз? 

– Жауапты секретарға, - деді ол мойнын бұрмастан. 

– Жауапты секретарьларыңыз кім деген кісі еді? 

–  Сен  білмейсің,  -  Шалдуар  оң  қолын  шорт  сілтеді,  –  жаңадан  келген  адам. 

Сен сияқты соғыста болған. 

Мен «ендеше ол кісіге кірмей-ақ қояйық» деп үлгіргенше болмады. Шалдуар 

«жауапты секретарь» деген жазуы бар кабинеттің есігін жұлқып қағып, мені 

жеңімнен сүйрей ішке кірді. 

Кабинет иесі үстеліне еңкейе түсіп, газет қарап отыр екен. 

– Осы кісі жауапты секретарь, осы кісімен сөйлес, – деп Шалдуар мені ілгері 

итермеледі. 

Мен Шалдуар  өзі  айтып,  қызметке  өзі  алдырады  екен  деген  үмітпен  келген 

едім. Ол, малту білмейтін адамды терең суға лақтырғандай, мені кабинетке 

кіргізе  салып,  өзі  сырғып  шығып  кетуге  ыңғайланды.  Осы  кезде  жауапты 

секретарь басын көтеріп, бізге бұрылды. Оның жүзін көргенде мен өз көзіме 

өзім  сенбеген  сияқтандым.  Кірпіктерім  үсті-  үстіне  жыпылықтап  кетті.  Қасы 

түксиген,  орыс  өңдес,  сабырлы  ақ  сары  кісі.  Екі  көзі  де  бұрынғысындай  сәл 

шегірлеу.  Үстіне  жай  киім  кигені  болмаса,  бұрынғыдан  еш  өзгерісі  жоқ: 

әскери журналист капитан Бағи Уазитовтың нақ өзі. 

– Бәке! – дедім мен жауапты секретарға екі қолымды бірдей созып. 

Бәкең де мені жазбай таныды-ау деймін. Тез орнынан тұрып: 



269 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет