Әдеби KZ
– Бәле, жазғанда қандай! Мұның өлеңдерінің кейбір жолдары біздің
бөлімнің туы іспеттес боп кеткен. Бөлім шабуылға шыққан сайын біз Ербол
өлеңінің:
«Алға қарыс бассаң бас!
Сүйем кейін шегінбе!
– Әдет жоқ ондай тегіңде!– деген жолдарын үнемі газеттің шпигеліне
беретінбіз. Шалдуар басын шайқады да:
– Мынадан өлең шығады дегенге ешқашан сенбес едім, аһ,– деп мені
бүйірден түртіп қалып, сақылдап кеп күлді.
Жауапты секретарь сөзін қайтадан жалғады.
– Оның үстіне мен Ерболға соғыстан аман келіп, осы орында отырғаным үшін
тікелей қарыздар кісімін, – деді ол Шалдуардың парықсыз күлкісінің
тоқталуын тоспай. – Бұл бақандай үш журналисті тікелей ажалдан алып
қалған.
Шалдуар бұған да сенбегендей боп, маған қарады да, басын шайқады.
Жауапты секретарь үш журналистің алғы шепке келіп, маған жолыққанын,
біздің позициямызды жау атқылап, бір снарядтың жер үй алдына келіп
ысылдап жатып алғанын Шалғынбаевқа таратып айтып жатпады.
– Ербол, сен Нығмет Елеусізовтің қазір қайда екенін білесің бе? – деді маған
бұрылып.
– Жоқ.
– Бәле, ол қазір С. қаласында, облыстық газет редакторының орынбасары. Ал
капитан Рыжовтың қайда екенінен хабарын бар ма?
– Жоқ.
271
Достарыңызбен бөлісу: |