Әдеби KZ
Үшінші қаламақыны жақсылап жуумыз керек. Бәріміз де сөйткенбіз. Әйда
жүр, көк базардағы шайханаға барамыз.
Мен бұрынғы әдет бойынша Шалғынбаевты көшелердегі көк будкалардың
бірінен сыйлап қайтарармын деп ойлап едім. Ол мені дедектетіп,
көкбазардағы шайханадан бір-ақ шығарды. Үстелге отыра сала, даяшыны
шақырып, өзі заказ берді.
– Жүз елу грамм арақ – деді ол даяшының қолындағы қағазын иегімен
ымдап, оған тез жаз дегендей ишара білдіріп.
– Шәке, екі жүз грамм ішіңіз, – дедім оның күнделікті мөлшерін тұспалдап
қалған мен.
– Жоқ, өзімнің есебім бар, – деді Шалғынбаев, - жүз елу, жаздыңыз ба? Аһ?
Жазсаңыз, оған үш рет дунган кеспесін қосыңыз.
«Біз екеу емеспіз бе, үш кеспе деп осы кісі қателесіп айтты ма» деп ойлап,
оның бетіне қарадым. Менің ойымды ұққандай Шалдуар: «Үш кеспе деп
жаздыңыз ба? Үшеу деп жазыңыз» деп және екі рет қайталады. «Бәлкім тағы
біреу келетін шығар, үшінші кеспені соған алып отырған болар» деп түйдім
де, үндемедім.
Заказ алған даяшы кухняның тесігіне қарай кетіп бара жатыр еді,
Шалғынбаев қайтадан баж ете түсті.
– Тоқта, тоқта, бері кел, – деді даяшыға қолын үсті-үстіне сермеп. - Тіркемесі
қалып қойыпты ғой, тіркеме қосыңыз.
Даяшы үстел шетіне еңкейіп, қағазына және бірдеңе түртіп алды. «Мұның
тіркемесі не нәрсе, қымбат бірдеңе емес пе екен?» деп қыпылдап отыр едім,
Шалдуар маған қарады.
– Әй, сен, тым болмаса бір кружка сыра ішсеңші, ah!
279
Достарыңызбен бөлісу: |