Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет272/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бір жолы, Шалдуардың осындай тергеуінен кейін, мен одан: 

– Өзіңіз қанша алдыңыз? – деп сұрадым ақырын ғана. Ол басын шайқады. 

– Бұл жолы мен ештеңе алғаным жоқ. Қазір өзі очеркке лайық материал жоқ, 

- деп қабағын шытты. 

Мен  одан  сайын  қысылдым.  Бейнебір  Шалдуарға  тиісті  ақшаны  өзім  алып 

қойғандай қуыстандым. Мені бұл қиындықтан Шалдуардың өзі шығарды. 

– Ал енді бүгін ішпейміз бе? Аһ? - деді ол менің ақшамды ұстаған оң қолын 

жоғары көтеріп. 

Мен басымды изедім. 

– Жүріңіз, Шәке, сіз ішіңіз, менің ішпейтінімді өзіңіз білесіз ғой. 

Бұлай  дейтінім  курьерлік  жалақымның  алғашқы  жартысын  алғанымда  дәл 

осылай 

Шалдуар кездесе кеткен. Сонда да ол менің аз ақшамды қолына алып, ерні 

жыбырлап  санап  шығып,  «ал  енді  ішпейміз  бе?»  деген.  Мен  оны  көше 

бұрышындағы  көк  будканың  біріне  ертіп  барып,  екі  жүз  грамм  арақ 

әпергенмін.  Одан  кейін  де  жалақы,  қаламақы  алған  сайын  Шалдуар  менен 

міндетті түрде екі жүз грамм ішпесе аузы қисайып кететіндей боп әдеттеніп 

алған. Сол кездесулерде менің жарытып ішпейтініме оның көзі жеткен. 

–  Бұл  сенің  нешінші  қаламақың?  –  деді  Шалдуар  ақшаны  өзіме  қайтарып 

беріп жатып. 

– Үшінші ғой, Шәке. 

–  А,  солай  ма?  Сен  де  үшінші  рет  қаламақы  алып  жібердің  бе,  ей?  -  Ол 

қарқылдай күліп, әдеті бойынша арқамнан қойып кеп қалды. Ыңқ ете түскен 

менің аузымды аштырмастан тағы да өзі сөйлеп кетті. – Онда былай болсын. 



278 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет