Әдеби KZ
Есік алдына шыққан соң Шалғынбаев екі сөзге келген жоқ. Маған қолын
сілтеді де:
– Ал сен кете бер, енді керегің жоқ. Aх! - деді. Содан соң көңілдене аяңдап өз
жөнімен кетті.
Осыдан кейін бір күні жауапты секретарға жолықтым.
– Қалың қалай? – деді ол.
– Жақсы.
– Қаламақы алып жүрсің бе?
– Алып жүрмін, бірақ сіз маған көп қойып жүрген жоқсыз ба.
– Неге олай деп ойлайсың?
– Шалдуар мен қаламақы алған сайын «саған көп қойыпты» деп басын
шайқайды.
– Содан соң?
– Содан соң «мұны мөлшерлі қалыпқа келтірейік, жүр шайханаға» дейді.
Жауапты секретар қалың қасы түксиіп, төмен қарады да, үстелінің тартпасын
ашты. Одан бір папка суырып, мені қасына шақырды.
– Мынау қаламақы шкаласы, – деді ол папканың бетін ашып. Мұнда қандай
мақалаға қанша сом қойылатыны көрсетілген. Міне, мынау сен жазған
хабарларға қойылатын баға.
Осыған қарап өткен жартыда жазған мақалаңның саны мен оған қойылатын
қаламақы мөлшерін есептеп көрші.
Мен ернім жыбырлап, іштен есептеуге кірістім.
286
Достарыңызбен бөлісу: |