Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет288/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шарапаты  тиген  емес  бізге.  Ербол  Меңтайға  неге  құмар  десем,  қыздың 

сипағаны жақсы болады екен ғой, шіркін! 

Үшеуміз де ду күлдік. Күлкі тынған соң Жомартбек байсалды қалпына келді 

де, Танаға қарады. 

– Оқуыңызды қайтесіз, Тана? – деп сұрады. 

–  Тастаймын,  –  деді  Тана  бірден.  –  Заманым  ана  жақта  ауыр  жұмыста 

жүргенде  оқу,  қызық  маған не  керек?  Барамын,  қасында боламын.  Ол  отқа 

күйсе – бірге жанамын, ол су түбіне кетсе - бірге батамын! 

Мен  Тананың  түрінен  шын  ғашықтың  шешімін  таныдым.  Таныдым  да:  «Ер 

екенсің ғой, айналайын!» деп іштей құптадым. 

Ары талқылап, бері талқылап ақыры біз мынаған келістік. ЖенПИ берсе Тана 

екінші  курсын  бітіргені  жайында  анықтама  алады.  Бермесе  –  жүре  береді, 

артынан жібереміз. 

Өйткені  ол,  документтерін  ала  кетсе,  Свердлов  оқу  орындарының  біріне 

түсіп, Заманға жақын жерге орналасады. Ал, анықтаманы аттестатымен қоса 

кейін  жіберсек,  онда  ол  сондағы  бір  институтта  сырттан  оқитын  болады. 

Сексен  шақырым  жерде  институт  болса,  оны  бітіріп  алудың  не  қиындығы 

бар?! 

Одан кейінгі мәселе қаражат жайына тірелді. Менің жазда курьер, корректор 



болып  тапқан  екі  мың  сомдай  ақшам  болатын.  Тананың  қаражатына  сол 

жарайды деп есептедім. 

«Әттең  бір  7–8  мың  сом  болса,  жақсы  болар  еді»,  –  деп  өзімнен  өзім 

кіжіндім.  Бірақ,  қара  табан  студенттің  құр  кіжінгенінен  не  шығады?!  Жоққа 

жүйрік жетпегенде, ол қалай жетсін. 

–Қашан жүресің? – дедім мен содан соң. 




294 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет