Әдеби KZ
шығамыз деп түнде шептегі немістерге шабуыл жасағанда Заман ауыр
жаралы боп, жау қолына түседі. Ротаның жартысы аман- есен өзіміздің
жаққа өтеді. Ол тұтқындар лагерінде болады. Бірнеше рет қашуға
талаптанып, қолға түсіп қалады. Ақыры, 1945 жылы майда әскери
тұтқындармен бірге біздің қолға өтіп, кейін сотталады. Содан бері Орал
тауында шахтада жұмыс істейтін көрінеді. Заман хатының соңында өздерінің
Свердловск қаласының солтүстік-батыс жағында сексен шақырымдай
жердегі Билимбай деген жұмысшы поселкесінде тұратынын айтып, әдірісін
көрсетіпті. Келем деген кісі алдымен Свердловскіге жетсе, одан кейінгісі
қиын емес – біздің рудниктің кен тасыған машиналары ағылып жатады депті.
Әрине, ол ешкімге де, Танаға да кел демеген, бірақ ерікті өзіне тастаған. Ол
қалай дегенмен де, уақыты бітіп босағанша, біраз қиындық көруге тура
келетінін ескерткен. Ал хатының ең соңында былай депті: «Соғыстан кімдер
тірі қалды? Ербол аман оралды ма? Көрсең менен көп-көп сәлем айт.
Әдірісімді бер».
Сонымен Жомартбек, Тана, мен үшеуіміз үстел үстіне жайып жібердік те,
картаға үңілдік.
Ары қарап, бері қарап ақыры, Орталық Оралдан Свердловскіні таптық та,
оның маңынан
Билимбайды іздедік.
– Осы Билимбай дегеніміз картаға түсетін жер аты емес, Заман ағайдың
пәтерде тұрған үйінің иесі боп жүрмесін, – деді Жомартбек күлдіріп.
– Расында да өзі қазақ атына ұқсас екен, – деді Тана бір жылап, бір күліп.
Тана жылаған кезінде көзінен көк маржан домаласа, күлгенде аузынан ақ
маржан шашылған секілденеді.
– Бәлкім башқұрт жері болар, – деймін мен оларға өз жорамалымды айтып.
291
Достарыңызбен бөлісу: |