Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет284/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мен  жалма-жан,  саусақтарым  дірілдеп,  Заманның  хаты  деген  қағазды  аша 

бастадым.  Рас,  Заманның  жазуы,  соның  өз  қолтаңбасы.  Хаттың  басына  бір 

қарап, дереу аяғына көз жүгірттім: «1946 жыл, 15 сентябрь» деп жазылыпты. 

Содан соң мен бас салып Тананы шөпілдетіп сүйе бастадым. Осыдан нақ екі 

жыл бұрын бір төсекте жатып, Тананың бетінен сүйіп, көзінен аққан қайғылы 

жасын  қоса  жұтып  едім.  Енді  міне  оның  бетінен  екінші  рет  сүйіп,  көзіндегі 

қуаныш жасын қоса сіміріп тұрмын. Екеуміз біріміздің бетімізді біріміз тыным 

таппай шөпілдете сүйісіп жатырмыз. 

Бір  кезде  дедек  қағып  Жомартбек  келді.  Сүйісіп  жатқан  екеуімізді  көріп  ол, 

таңданғандай  боп  сәл  тұрды  да,  қолындағы  шайнекті  еденге  қоя  салып, 

жүгіріп келіп, екеуміздің бетімізден кезек сүйе бастады. 

– Сен неге сүйесің Тананы? - деймін мен Жомартбекке қуана күліп. 

– Сен сүйген соң сүйіп жатырмын. Ал сен неге сүйесің? 

–  Онда  себеп  бар.  Жарайды,  сен  Тананы  қыз  болған  соң  сүйдің  дейік.  Ал 

менде нең бар? 

– Сен Тананы сүйген соң, ол сені сүйді. Өзің мен сүйсем, Тана да мені сүйе ме 

деп дәметіп жатырмын, - деді Жомартбек шімірікпестен. 

Үшеуіміз де күлдік. Содан кейін: 

–Ендеше сені де сүйейін, бауырым, – деп Тана Жомартбектің оң бетінен шөп 

еткізді. 

–  Мына  бетім  өкпелеп  қалады,  мұны  да  сүйіңіз,  –  деп  Жомартбек  дереу 

Танаға екінші бетін тосты. 

Тана Жомартбектің сол жақ бетінен тағы да сүйді. Тағы да ду күлдік. Осыдан 

соң  ғана  есімізді  жиғандай  болып,  хаттарды  қайта  оқыдық.Сөйтсек,  1943 

жылы  Заман  өлмепті.  Ол  ротасымен  қоршауда  қалады.  Қоршауды  бұзып 




290 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет