Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет282/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жұтуға ауадағы жайсыз аса, 

Сөйтпек пе әлде көңіл жабырқаса? 

Қайдан тәтті болмақшы ауа шіркін, 

Меңтайдың дем-лебізі қосылмаса. 

Іздеумен елегізіп қысылдым сан. 

Тән терлеп, жүрек жүдеп, қиналды жан. 

Күн – күңгірт, ай – қараңғы, ауа – ауыр 

Меңтайдың бұл маңайда жоқтығынан!.. 

Онымен  жаз  өтті.  Күзде,  оңтүстікке  қарай  бет  түзеген  тырналардай  тізіліп, 

Алматыға  лек-  легімен  студенттер  қайтты.  Әр  жақтан,  алыстан  келіп,  өзінің 

үйреншікті  көліне  қонған  аққудай  сыланып  отыз  қыз  өзіміздің  отыз  үшінші 

аудиторияға  жиналды.  Меңтайды  көріп,  менде  ес  қалған  жоқ.  Өзіме  онша 

назар  аударып,  жақын  тартпаса  да,  бар  бейілім  соған  ауды.  Оның 

аудиторияға кіріп-шыққаны, жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, күлген күлісі – бәрі 

маған қуаныш болды. Енді маған күн де күлімдеді, ай да жарқырады, ауа да 

жақсарды. 

Сары  алтынның  буына  масайғандай,  көңілім  көтеріліп,  көзім  күлімдеп,  мәз 

болдым да қалдым. Сөйтіп жүріп, сентябрдің өткенін де аңғармаппын. 

Бұл  күнде  мен  бұрынғыша  Меңтайдың  қасына  отырмаймын.  Жұрттың  көзі 

түсіп,  сөзі  көбейгеннен  кейін,  оның  үстіне  өзімнің  оған  деген  құмарлығым 

артқан  соң,  амалсыз  қоныс  аударғандай  боп,  арт  жаққа,  Жомартбектің 

қасына  кеткенмін.  Қазір  Меңтай  мен  Майра  жұптасып,  екеуі  бірге  отырып, 

бірге жүретін болған. Ол  екеуі сияқты, курстағы еркек кіндікті екеуміздің де 

жұбымыз жазылмайтын. 



288 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет