Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет290/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мен ашуланған болып аузымды бұлтиттым. 

– Айналайын, айналайын, қалқам, - деді ол тағы жылап, ашуланбашы маған. 

Тана  бір  аптаның  орайында  қалайда  жүрмек  болды.  Жомартбек  екеуміз 

билет алып, шығарып салуға уәделестік. 

Ертеңінде  бұл  оқиға  бүкіл  біздің  курсқа  тарады.  Жомартбек  менің  анада, 

емтихан кезінде, 

Тана  туралы  айтқан  әңгімемнің  шын  екендігін,  Тананың  жігіті,  менің  досым 

Заманның өлмей тірі боп шыққанын, соны естіп Тананың ЖенПИ-дегі оқуын 

тастап,  Оралға  жүргелі  жатқанын,  менің  алдағы  базарда  костюм,  пальто, 

аяқкиім  сатып  аламын  деп  жинап  отырған  ақшамды  бір  тиынына  дейін 

қалдырмай  Тананың  ридикюліне  салып  бергенімді  бірін  қалдырмай 

қыздарға  айтып  қойыпты.  Қыздардың  бәрі,  танаулары  делдеңдеп,  дүрлігіп 

алыпты. 


– Рас па, ағай? 

–  Шын  ба  Жомартбектің  айтып  жүргені?  –  деп  менен  бірінен  соң  бірі 

сұрасады. 

–  Алла-ай,  не  деген  күшті  махаббат!  –  дейді  Зайкүл  жағасын  ұстап.  –  Бұл 

заманда да мұндай махаббат болады екен ғой. Мен ойлаушы едім махаббат 

анау Қыз Жібек, Баян сұлулармен біткен шығар деп. 

–  Иә,  неге  сен  олай  деп  ойлайсың,  –  деп  Майра  шап  ете  түсті  оған.  – 

Махаббат  мәңгілік,  ол  ешқашанда  өшпейді  деп  оқыған  жоқсың  ба?  Ендеше 

әр заманның өз махаббаты, өз Қыз Жібегі болады. 

– Бірақ мен махаббат бар екен деп сонау Оралдағы тұтқын адамға төбеңнен 

алтын құямын десе де бармас едім, қыздар,– деді Зайкүл иығын қиқаңдатып. 



296 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет