Әдеби KZ
– Ұшарға қанатым жоқ, Ербол. Тез жүрсем, тез жетсем, тезірек көрсем екен! –
деп қамықты Тана.
Мен тығып жүрген бар ақшамды алып, ескі ақшаның кезі ғой онда,
қобыратып, Тананың ридикюліне салып бердім.
– Апырай, Ербол-ай, – деді Тана тағы да тамағына жас тығылып, – мен сенің
адал дос екеніңді білгенмен, мынадай мырза екеніңді білмейтін едім...
Мен бұл сөзді де әзілге айналдырып жіберуге тырыстым.
– Жолдасың жомарт болса, сен қалай сараң боларсың, – дедім күліп,
Жомартбекті нұсқап.
Жомартбек менің осы сөзімді пайдаланып, тез жәп ете түсті.
– Мұны сіз жалғыз Ерболдың бергені деп ойламаңыз, Тана,– деді ол
қутыңдап. - Бұл сіздің жолыңызға Ербол екеуміздің қосқанымыз.
– Рақмет. Бұл еңбектеріңді тірі болсам ұмытпаспын да, өтемей және
тынбаспын!
– Әрине, сіздің екі есе ғып өтейтініңізге мен шүбәланбаймын, – деді
Жомартбек қуақыланып.
– Әкел, қолыңды, бауырым, - деді Тана күліп, екі көзі оттай жайнап, – осы
еңбектеріңді үш есе ғып өтейтініме ант етемін!
Мен баж ете қалдым.
– Қой, Тана. Жомартбек қалжыңдап тұр. Бұным саған қарыз емес, достық
қарызының титімдей төлеуі ғана болар бұл. Ана қарызынан кейінгі өмірде
өтелмес үлкен қарыз достық қарызы екенін білесің ғой өзің. Бұл, әшейін, жол
қаражаты болсын дегенім. Бала боп кеткенбісің, қайдағыны айтып.
295
Достарыңызбен бөлісу: |