Әдеби KZ
– Бәсе, – деді бір кезде Жомартбек масаттанып, – бала кезімде бірсыпыра б...
жесем керек еді. – Осылай деп ол сұқ саусағын шошайтып картаға тіреді.
– Ой, ой, Жомартбек, байқа, картаны тесіп жібересің, – дедім мен оған
күлместен, жымимастан, көзімді бақырайтқан болып. – Сенің саусағың
саусақ емес, шеге екенін білмейтін бе едің? – Жомартбектің саусақтары
шегедей салалы, ұзын болатын. Оның саусағы бүйіріне тиіп кеткен
қыздардың қайсысы болса да баж ете қалатын. Әсіресе
Зайкүл: «Әй, Әй, Жомартбек, тіліңді қалай сұқсаң, олай сұқ, бірақ ана
шегелеріңді ары әкет» деп безек қағатын. - Бірақ мақтауыңа әбден болады.
Бала күніңде б...-ны көп жесең, әрине, табасың. Жарайды, саусағыңды тарт
енді.
– «Б» деген немене, витамин бе? – деді Тана да мырс етіп.
Жомартбек тез саусағын ала қоймады.
– Немене, сен «б...» дегенге ананы айтып тұрсың ғой, – деді ол маған
бұрылып. Қазақта кімде-кім бала күнінде өз кәкейін көп жесе, өскенде сол
көргіш болады деген әзіл сөз бар емес пе. Менің де ойыма келгені сол еді,
Жомартбектің де «ананы» деп тұрғаны сол. -
Оны жесең, өзің жеген шығарсың. Ал мен бала күнімде күріш ботқаны көп
жегенмін. Ал ботқа жегеннің көзі көргіш болады дейтін үлкендер.
– Біздің жақта күрішті жасық ас деп есептейді. Сенің көреген боп жүргенің
күріштен емес шығар, – дедім мен күліп. Тана да күлді. Басын шайқап,
Жомартбектің өзі де қосылды.
Күлкіміз тыйылғаннан кейін Жомартбек картадан саусағын көтерді.
Билимбай картада расында да бар екен. Оған көзіміз түсіп, әрқайсымыз өз
ауылымыздың төбесін көргендей, қуанысып қалдық.
292
Достарыңызбен бөлісу: |