Әдеби KZ
Бірақ бір кесек нәрсемді берейін. Жомартбек соны ертең базарға апарып
сатсын да, ақшасын ағай екеуі Танаға апарып берсін.
Меңтайдың ұсынысы отқа құйған майдай болды. Қыздар лап етіп, оны
бірден қостап әкетті. Біреу елу, біреу жүз сомнан тауып беретіндерін
айтысты. Нәзилаш қолма-қол тізім жасауға кірісті. Осы кезде Зайкүл орнынан
тұрды.
– Меңтайдың жаңағы сөзі жүйке-жүйкемді босатып жіберді, қыздар-ау, –
деді ол.
Әшейінде Зайкүлдің әр сөзін қыздар күлкімен қарсы алатын еді. Бұл жолы
ешкім езу тартқан жоқ. Әлде оның алдында айтқан Меңтай сөзі жүректерін
тебірентті ме? Әлде Зайкүл қайтер екен деп, соны сынағылары келді ме,
әйтеуір, қыздар бірінші рет тырп етпестен, тыныш күйде қалды. Бірақ Зайкүл
олардың неге үндемей қалғандарына мән берген жоқ, сөзін әрі қарай айта
берді. – Иығымда түлкі жағам болған соң мына Жомартбек мені бай деп
ойлап, «апай» деп мазақтайды. Бірақ менде де бір теңге ақша жоқ. Өйткені
бір теңге ақшам болғаннан бір үзім наным болғанды артық көремін.
– Мен де сондаймын, апамнан айнымағанмын, – деді Жомартбек.
Осы тұста ғана қыздардың еріндерін күлкі қытықтап, сәл-пәл жымиысып
қалды.
– Жомартбек, қоя тұршы қыстырылмай, – деді Зайкүл оның сөзің шыбын
шаққан құрлы көрмей. – Одан да сен ертең таңертең біздің бөлмеге келіп,
менің түлкі жағамды алып кет.
Соны базарла да, ақшасын осы іске қос.
Мұндай ерлікті Зайкүлден ешқайсымыз да күтпеген едік. Бәріміз таңырқап,
таңданып, бір сәтке үнсіз қалдық. Бұл үнсіздікті Жомартбек бұзды.
300
Достарыңызбен бөлісу: |