Әдеби KZ
қолын бірдей қаракөл жең қолғапқа тығып, оқшауланып жүретін. Сонысына
ерегесіп Жомартбек оны ызаландыру үшін кейде осылай, «апа» деп атайтын.
– Әй, Жомартбек, сен қотыр тоқтыша сүйкенбей тыныш отыр, – деді Зайкүл
бұл жолы оның «апа» дегеніне шамданбай. - Мен ғашықтарды құрметтеймін.
Бірақ өзімнен ғашық шықпайды. Ғашық болу үшін бір-ақ кісіні сүю керек. Ал
маған өзіме күле қараған жігіттің бәрі жақсы сияқты боп тұрады.
Аудиторияны бастарына көтеріп, қыздар ду күлісті.
– Зайкүл турасын айтады, – деді Ақанас.
– Мен Зайкүл апамды сол шындығы үшін жақсы көремін ғой, – деп
Жомартбек орнынан тұрып, кеудесін қақты.
Оған Зайкүл масаттанып қалды.
– Ә, бәлем, мойындадың ба? Жақсы көретініңді айтқыздым ба өзіңе? Енді
мына Ерболды мойындатсам, онда тіпті арманым болмас еді.
Зайкүлдің бұл сөзі тағы күлкі тудырды. Екі көзі жалт етіп, Қанипа Зайкүлге
бұрылды.
– Әрине, группадағы екі жігітті бірдей иемденіп алсаң, сенің не арманың
болушы еді!..
Осындай әзіл-күлкімен бұл әңгіме де басылған сияқты болды. Алғашқы қос
лекцияны да тыңдап шықтық.
– Қыздар, маған бір ой келіп отыр, – деді Меңтай бір үзілістің кезінде.
– Қойшы-ей, саған да ой келе ме?–деді Қанипа қуақыланып. - Онда сал
ортаға ойыңды.
Меңтай орнынан тұрып, сөзін бастады.
298
Достарыңызбен бөлісу: |