Әдеби KZ
– Ол – сен ғой, Зайкүл, – деді Меңтай көзін алысқа қадап, қатты ойлана
отырып.
– Сонда сен барар ма едің? – деп Зайкүл шап ете қалды оған.
– Мен ғашық емеспін, - деді Меңтай бұрылып. – Ал шын сүйіп, уәделескен
кісім болса, әрине, барар едім. «Рас, шын сүйіп, уәделескен кісісі болса
Меңтай сөзсіз барар еді» деп ойладым мен де ішімнен.
– Жоқ, Зайкүл, сен барасың. Баратыныңды өзің байқамай отырсың, - деді
Қанипа қасқа тісін ақситып, көзін құйқылжыта күлімдеп. – Төбеңнен алтын
құямын десе, неге бармайсың, барасың, әрине. Өйткені, - Қанипа бұл тұста
дауысын да құбылтып жіберді, – ол алтын ғой...
Қыздар ду күлісті. Зайкүлдің өзі де күлді.
– Қайдан білейін, – деді ол басын шайқап, - онда барып та қалуым мүмкін-ау.
- Бірақ ол бұл ойына табан тіремей жатып, тез жалт бұрылды. – Әй, алыс қой,
бара алмайтын шығармын. Айдаладағы Орал тауы тұрғай, мына тұрған
Қордай тауының етегіндегі ауылыма барып келуге де қиынсынамын.
Жомартбек әндетіп қоя берді.
– Бектер мінер сұр қасқа,
Шаба алмаса – ұр басқа.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтың жөні бір басқа –– деген емес пе?
Ғашық болсаң – қашық болса да барасың, Зайкүл aпa.
Зайкүл киім жағынан өзгелерден өзін ерекше ұстауға тырысатын. Кексе
әйелдерге ұқсап, мойнына студент қолы жетпейтін қызыл түлкі салып, екі
297
Достарыңызбен бөлісу: |