Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет299/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тыңдай қалатынмын. Маған, әсіресе, ұзақ соғылатын, ұзаққа кететін осы түнгі 

қоңырау  күңгірі  аса  бір  сазды,  қызық  күйдей  боп  танылатын.  Сол  әдетім 

бойынша  шүу  дегенде  мен  тым-тырыс  тыңдай  қалдым  да,  қоңырау  бір-екі 

рет соғылғаннан кейін, оны тастай салып, дереу негізгі шаруама көштім. Осы 

қоңырау үнінің дүрмегімен, басқа еш жанға естіртпей, айтатын басты сөзімді 

Меңтайдың  өзіне  ғана  тез  ақтарып  қалғым  келді.  Қоңырау  соғылып  бітіп 

қалмасын  деп,  шапшаң  Меңтайды  екі  қолынан  ұстай  алдым  да,  екі 

алақанымның  арасында  «пыр»  етіп  ұшып  кететін  тірі  торғай  тұрғандай 

елбелектеп, аузымды қыздың құлағына тақадым. 

-  Меңтай,  мен  сені  сүйемін!  Шексіз  сүйемін!  -  дедім,  біреу  «тәйт!»  десе, 

жылап  жібергелі  тұрған  жас  баладай  кемсеңдеп.  Қанша  әсемдеп,  әдемілеп 

айтам  деп  пәленбай  уақыт  ойланып,  оқталып,  жадымда  жаттап  жүрсем  де 

мен Меңтайға деген мәңгілік махаббатымды, арман тілегімді, шексіз ықылас, 

қалтқысыз құрметімді, оны бар дүниеден өзгеше  бағалайтынымды ауызбен 

айтып  жеткізе  алмадым.  Көптен  бері  айтамын  деп  әзірлеп  жүрген  сөздерім 

дәл  қажетінде  ауызға  түспейтін  бұлдыр,  буалдыр  бірдеңке  болып  кетті. 

Әшейінде  тақылдақ  тілім,  болдырған  жорғадай  сенделектеп,  сүрініп, 

тұтығып,  тоқтап  қалды.  Енді  сол  ауыз  жеткізбегенді  лүпілдеген  жүрек, 

дірілдеген  дене,  денедегі  лыпыл  қаққан  сансыз  тамырлар  қосыла  айтып, 

Меңтайға  асыға  баяндап  жатқандай  болады.  Меңтай  енді  солардың  сөзін 

тыңдағандай, бар зейінін соларға аударғандай боп, жым-жырт, үнсіз отырып 

қалды.  Осы  үнсіздік  кезінде  саусақтарым  терлеп,  буын-буыным  қалтырап 

кеткен  маған  көшедегі  күнде  міз  бақпай  бақырайып  тұратын  электр 

шамдары  өз-  өзінен  жыпықтай  жөнелген  сияқтанды.  Екі  жатақхана 

ортасынан  сылдырап  ағып жатқан арықтың  суы  да,  демін ішіне  тартқандай, 

үнсіз  қалды.  Ағаш  бұтақтарындағы  соңғы  жапырақтар  да  сыбдырын 

тоқтатып,  сілтідей  тынды.  Бірақ,  өзіммен  өзім  әуре  мен  олардың  неге 

өйткендеріне  мән  бермедім,  менің  басыма  төнер  не  сұмдықты  сезгендерін 



305 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет