Әдеби KZ
Куйбышевта басқа поезға отыруына тура келеді. Тана жүретін күні вокзалға
соңғы лекцияны тастап біздің группа түгел барды.
Вокзал басында қыздар Танамен шетінен көрісіп қоштасты. Әсіресе, Тана мен
Меңтай бірінен-бірі ажыраса алмай, көп жыласты.
– Жайықтан жеке жөнелген Төлегендей болып, жалғыз аттандың-ау, құрбым,
– деп Меңтайдың егіле айтқан сөзі бәріміздің сай-сүйегімізді сырқыратты.
Көзімнің құйрығын қайта-қайта сипалап, ернімді үсті-үстіне тістелеп, бордай
босап, ішімнен егіліп мен тұрдым.
Содан соң Тананы вагонға орналастырдық та:
– Қош!
– Қош!
– Заманға сәлем айт!
– Сәлем айт! – деп біз қалдық.
Алматының қою түні бүркеген поезд ішінде, вагон доңғалақтарының рельс
қоспасына сарт-сұрт соғылған ырғағымен теңселіп, белгісізге бет қойып, Тана
кетті алысқа. Аяулы ғашық аттанған поездың барлық дүрсіл-гүрсілін
жүрегімізде сақтап біз қалдық перронда.
XII
Көктемде топыраққа түскен дән алдымен нәзік сабаққа айналып, артынан
уақыты жеткенде бас жарады. Уақыты жеткенде тал бүршіктейді, өсімдік
түйін тастайды, алма ағашы гүлдейді, гүл қауызын ашады - шешек атады.
Өсімдік үшін осы бір ғажап шақ тек қана жазда болады. Адал махаббатқа
мерзім жоқ – ол жылдың төрт мезгілінің қалаған маусымының сәтті
302
Достарыңызбен бөлісу: |