Әдеби KZ
Міне осылай дедім. Бұлай дейтінім тілі шабан, тілегі жүйрік ауыл баласымын
ғой мен.
Уәдеге берік, антқа адалдықты жоғары бағалап, оның өзіме келтірер залал,
зиянын пайымдап жатпастан өз үкімімді өзім шығардым сөйтіп. Әккілігі жоқ,
аңғал, адал көңілдің, жүрегіме бала жасымнан ұйып, ұялаған арлылықтың
сөзін айттым. Адалдық, тазалық, шыншылдық, туралық - емшек сүті, мектеп
өнегесі, әскер тәрбиесімен бойға сіңген қасиетім ғой менің. Момын әке, жуас
шешеден туып, көпшіл колхозды ауылдың баласы болған соң, осылай
айтуым заңды да болатын. Өзімшілдігі жоқ боп өскен жастың бірі
болғандықтан ол түнде өзіме қас үкім шығарыппын мен. Әрине, мен мұныма
өкініп тұрғамын жоқ бүгін. Егер жастық шағым қайта оралып, мен сол
жағдайға жаңадан тап болсам, сөз жоқ, сол шешімімді іркілместен тағы
қайталаған болар едім қазір.
Меңтай жұбатқандай болып, енді менің қолымды сипады ақырын.
– Сіз ренжімеңіз, ағай,–деді біраздан соң. - Біздің курстағы қыздардың бәрі
де сізді жақсы көреді. Олардың бірен-сараны болмаса, бәрі де жақсы
қыздар. Әсіресе Майра қандай жігітке болса да адал жар, ақпейіл дос,
сенімді серік бола аларлық жан.
Сонымен, мен Меңтайға бірінші рет ашық түрде сөз айттым. Ол қарсылығын
осылай қамқорлықпен, елжірей отырып білдірді. Меңтайдың қарсылығының
өзі маған хош айтқандай боп көрінді.
Ойын айтып болған соң ол, өн бойы қалтырап, сәл діріл қаққан тәрізденіп
орнынан тұрды.
Енді кішкентай бөгелсе, өзін-өзі ұстай алмастай көрді-ау деймін. Қолымды
босатқысы да келмей, босатпай да тұра алмай әлденеге күйбіжіктеп,
бөгелгендей болды. Сонсоң тез-тез басып, жатақханаға қарай жөнеле берді.
310
Достарыңызбен бөлісу: |