Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет306/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

таңертең  шабуылға  шығып,  кешке  жаудан  жеңіліп,  кейін  шегінген  сәтте  де 

осындай  боп  өлердей  бір  шаршайтын  шақ  болатын  еді.  Сонда  кез  келген 

шұңқырға  түсіп,  жантайып  жата  қалғың  келетін.  Өлсем  де,  осы  жерден 

тұрмасам  екен  деп  ойлайтынсың.  Сондай  күйге  түстім  де,  түске  дейін 

төсектен  тұра  алмай,  тұралап  жаттым.  Махаббатта  күйреу  де  соғыста 

жасанған жаудан жеңілуден кем болмайтынын мен сонда білдім. 

Студенттің  бақырауық  түйедей  бажылдақ  темір  кереуетін  қайта-қайта 

сықырлатып,  бір  жамбасымнан  екінші  жамбасыма  аунақши  беремін.  «Өлі 

тиіп» жатқан қойдай тыпырлаймын. Бірақ, маған «Өлі» тиген жоқ, тірі тиген. 

Тірі болғанда мылтық кезеп, қылыш суырып қырқыса кетер жау емес. Маған 

тиген  қарусыз  қыз.  Ол  маған  жау  пиғылын,  жат  мінезін  танытқан  да  жоқ. 

Күліп  жүріп,  күлімсіреп  тұрып,  ең  ақырында,  көзінен  бұрқ  еткен  ыстық  жас 

шығарып мені осындай күйге, аурудай халге ұшыратты. 

Мен соны ойлап дөңбекшимін. «Не деген асылжан еді!» деймін. Меңтайдың 

көз қызығып, көңіл сүйсініп тамаша етерлік сырт тұлғасына ішкі адамгершілік 

парасаты  қосылғанда  адамды  тебірентпей,  тербелтпей  қоймайтынын  енді 

ғана  білгендей  болдым.  Оған  алғашқы  көрген  сәтімнен  бастап,  көп  күндер 

бойы ғашық боп жүргенімнің де себебін сонда ғана аңғардым. 

«Бұған  баға  жете  ме?  Жоқ,  жетпейді!»  деймін  өзімнен  өзім  жатып.  Сондай 

баға  жетпес  қыздан  айырылып  қалғаныма  жүрегім  сыздап,  жарылып 

кетердей  боп,  екінші  жамбасыма  қайтадан  аунаймын.  Жұдырықтай  сорлы 

жүректің  өз  денемді  төсек  үстінде  олай  бір,  былай  бір  лақтыруға  ғана  әлі 

келеді.  Сонысымен  ол  маған  қарсылық  білдіріп,  наразылық  айтып  жатқан 

секілденеді.  «Сен  неге  Меңтайға  тек  мені  сүй,  тек  қана  менімен  бол 

демедің?» деп мені жазғырып, жазалап жатқанға және ұқсайды. Осы арада 

Меңтайға  жазда,  емтихан  бітіп,  отыз  үшінші  аудиторияда  сауық  өткізген 

кештің түнінде шығарған өлеңімнің бір шумағы еріксіз есіме түседі. 




312 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет