Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет308/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Қарасам  оңаша  орындықта,  айнала  құлаққа  ұрған  танадай  жым-жырт 

тыныштықта,  бұйығып  біреу  отыр.  Жақындап  келсем,  Меңтай  екен.  Жағын 

таянып,  шынтағын  тізесіне  тіреп,  төмен  қарап  қалыпты.  Менің  тықырымды 

да сезбегендей, селт ететін емес. 

Жүрегім  кеудемді  ұрғылап,  тағы  да  дүрсілдеп  қоя  бер-ді.  «Жүрсеңші, 

жүгірсеңші. 

Тұмажанды  таста,  мені  сүй  деп,  жалынсаңшы  Меңтайға.  Аяғына 

жығылсаңшы  жылдам!»  деп  тағы  да  зарлап,  жылап  жіберген  іспеттенді. 

«Енді  Меңтайдың  жанына  жақындамаспын,  оған  ешқашан  бір  ауыз  тіл 

қатпаспын»  деген  антымды  мен  біржола  ұмыттым.  Жел  қуған  қаңбақтай 

домалап, жанына жетіп барғанымды өзім де аңғармай қалдым. 

– Сәлеметпісің, Меңтай. Жеті түнде неге жалғыз отырсың? Бір жерің ауырып 

отырған жоқ па, жабырқаусың ғой өзің, – дедім оған бірнеше сөзді бір-ақ лақ 

еткізіп. 

Бірнеше  күн  кездеспегендіктен  бе,  ол  маған  шынында  да  ауырып,  жүдеп 

қалғандай боп көрінді. 

–  Жоқ,  қазір  саумын  ғой,  –  деді  Меңтай  жауап  сәлемін  айтқан  соң.  -  Жай, 

басым ауырған соң далаға шығып едім. 

– Бірсыпырадан бері қайда болдың? 

– Ауырып, үйде жаттым. 

– Не дейсің, қыздар маған айтпады ғой. 

–  Мен  қыздарға  айтпаңыздар,  ағай  босқа  мазасызданбасын  дегенмін. 

Отырыңыз. 




314 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет