Әдеби KZ
Мен не істерімді, не дерімді білмедім. Бар болғаны қыздың жанына
жақындап, оның бос екінші қолын екі алақаныммен қайта-қайта сипай
бердім. Оған қанағат қылмай, шашын сипадым. Біраздан соң ол өксігін
басып, қайтадан сөйледі.
– Әнеукүні сіз театрға Тұмажанды ертіп әкелдіңіз. Сізбен екеуіміз осы арада
отырып сөйлесетін түннің ертеңінде. Мен сол күні одан қашып, оны
көрмейін, көрінбейін деп театрға кетіп едім. Оның бұл мейрамда қалайда
келетінін білгенмін... Сіз театрда бізді табыстырып, кетіп қалдыңыз... Содан
ол үш күн жатты... Мені босатпады, – деді қыз тағы да солқылдай жылап. –
Содан соң бітті, бәрі бітті...
Ол күні мен төсекте езіліп күні бойы жатып, кешке таман жатақханадан
сыртқа шыққанмын. Шықсам аулада, кешегі Меңтай екеуіміз қоштасқан
орындықтың үстінде бірсыпыра таныс студенттер қарта ойнап отыр екен.
Солардың қасына бардым. Күн жексенбі және мейрамға бір-екі-ақ күн
қалғандықтан ба, әйтеуір студенттер көңілді екен.
Мені көре сала олар орталарына шақырды.
– Кел, кел, Ербол, – деді Төлеубек, – карта ойнаймыз. Күні бойы ұйықтап,
басын күп боп ісіп кеткен шығар сенің.
Мен басымды шайқадым.
– Неге, ойнамайсың ба?
– Ойнай білмеймін.
– Ең аяғы бес картаны да білмеймісің?
– Иә.
Төлеубек қарқылдап кеп күлді.
316
Достарыңызбен бөлісу: |