Әдеби KZ
– Сен студентпісің?
– Иә.
– Қай факультетте оқисың?
Мен оны да айттым.
– Қай курстасың?
– Үшіншіде.
Мен тарих-филология факультетін айтқанда-ақ ол ежіреңдеп қалып еді. Ал
үшінші курста оқитыным оның шамына тигендей боп, шытынап кетті.
– Онда сен Ербосынованы білесің бе?
– Меңтайды ма, білемін, - дедім әлденеге жүрегім су ете қалып.
– Қалай білесің?
– Бірге оқимыз.
– Басқа ештеңең жоқ па?
Мен сәл үндемей тұрдым да:
– Жоқ, – дедім.
Ол менің бұл жауапты кідіріп барып бергеніме күдіктенгендей болды.
Сенерін де, сенбесін де білмегендей, бетіме шегір көзін сығырайтып, тағы да
тесіле қарады.
– Ендеше сен оны осы қазір бізге шақырып кеп бер, – деп бұйырды ол.
Енді мен оның бетіне тесіле қарадым. Бақсам, жігітім ептеп жұтып алған
екен. Маған өктем сөйлеп жүргені де содан болуы керек. «Шабуылға
318
Достарыңызбен бөлісу: |