Әдеби KZ
«Мазасызданады деп менің қамымды ойласа, онда әлі менен безбегені ғой.
Кет әрі емес болғаны ғой» деп ойладым мен қуана бастап. «Мүмкін, Меңтай
менің әнеукүнгі өтінішімді қабылдаған шығар. Сонда «мен де сізді жақсы
көремін» деп еді ғой. Бәлкім, сол жақсы көргені жеңген шығар. Он күн ойлап,
менің тілегімді қабылдауға бел байлап, бүгін мені әдейі күтіп отырған
болар».
– Меңтай, – дедім мен оның қасына отырғаннан кейін әнеукүнгідей оның
қолдарын қос қолымның арасына алып. - Мен... мен... мен...
– Иә, сіз, – деді Меңтай қоңыр үнмен.
– Өткен жолы сен: « Тұмажанды таста деңізші. Уәдеңді бұз деңізші. Сіз солай
десеңіз, мен бұзып-ақ кетейін» деп едің ғой. Мен солай дегелі келдім саған.
Сөйтші, Меңтай. Мен сені жанымдай жақсы көремін!...
– Жоқ, ағай, кеш қалдыңыз, – деді Меңтай қапалы үнмен.
– Неге кеш, неге? – деп мен оны өткен жолғыдай етіп, тағы да құшақтай
бастадым.
– Жоқ, жоқ, енді болмайды, ағай, – деп Меңтай құшақтатқысы келмей бойын
аулақтата берді.
– Неге болмайды, – дедім мен оны бас салып құшақтағаныма әрі қысылып,
әрі оның өткен жолы емес, дәл бұл жолы бұлқынғанына таңданып.
– Өйткені болары болды, бояуы төгіліп қалды, - деді ол менен сәл алысырақ
сырғып барып, төмен қарап отырып, соншама бір солғын, бәсең үнмен. –
Бәріне өзіңіз кінәлісіз...
Осылай деп солқылдап жылап жіберді. Орамалын алып, бір қолымен бетін
басып, өксіп отырып қалды.
315
Достарыңызбен бөлісу: |