Әдеби KZ
Бәрі аз бағасына, барша санның,
Тәж-тағы, дүние, мүлкі патша, ханның –
Меңтайды мәңгі құшып сүйетұғын
Бар екен не арманы Тұмажанның?!
Өлеңнің аяғындағы бұрынғы «жігіт жанның» деген сөзді «Тұмажанның» деп
қалай өзгерткенімді өзім де аңғармай қалдым. Жоқ, енді Меңтайға өлең
шығармаймын, – дедім ішімнен өзіме-өзім ант еткендей. Меңтайға ешбір
өлеңнің керегі жоқ. Меңтайға керексіз дүние - маған да керексіз. Жоқ, енді
мен Меңтайды көруге де құмартпаймын. Енді мен оны ешқашан да
ойламаймын.
Бірақ, ғашықтың ойы басқа да, ісі басқа болады екен. Ғашық көрмеймін,
бармаймын десе, өзінің қалай барып, қалай кездескенін де білмей қалады
екен ол.
Сол, мен үшін қайғылы түннен кейін Меңтайды ертеңінде кешке, театрда
кездестірдім тағы да. Бір-екі минуттай ғана қасында тұрдым. Содан кейін мен
оны, расында да, бірнеше күннен соң бір-ақ көрдім. Бәлкім бір аптадан кейін
де болар шамасы.
Түнде Жомартбек, Пернеш, Төлеубек үшеуі шырт ұйқыда жатқан сағат бірдің
мөлшерінде, жатар алдында аз ғана ауа жұтпақ боп, аулаға шықтым.
Ауладағы Меңтай екеуміз ажырасқан орындыққа еріксіз көз салдым.
Осындай оңашада анада Меңтай отырған жерге барып отырғым келді. Неге
екенін білмеймін, ол отырған орындықтың тақтайын алақаныммен бір
сипасам деп ойладым. Бәлкім, онда Меңтайдың жұп-жұмсақ қолдарын
қайта-қайта сипағаным еміс-еміс есіме келген болар. Сол сәтте орындықтың
қатты тақтайы қыз қолы емес екенін ескермеген де шығармын.
313
Достарыңызбен бөлісу: |