Әдеби KZ
бөгелемін: бұз дейін уәдеңді, бұздырайын деп тағы қобалжыдым. Осы кезде
баяғы танкпен жекпе-жек шайқасқанда өлген өз достарым көз алдыма келді.
Олар, бірінен соң бірі: «Жоқ, сержант, өйтпе. Азғырма солдаттың серттескен
қызын» деп, бастарын шайқап тұрғандай боп көрінді. Наводчигім өзіммен
өте сырлас еді. Сәлима күйеуге тиіп кетіп, мұңайып отырғанымда ол келіп
арқамнан қағып:
«Жан табылса – жар табылады, сержант. Уайымдама!» деп жұбатқан еді
мені. Сол наводчигім ерекше мұңайып: «Жан табылса, жар табылады ғой,
сержант. Сен тірі қалдың.
Жаны кеудесіндегі кісінің жары жолында, алдында емес пе. Тағы ілгері жүр,
іздеп табасың әлі. Бүркітбай сенің Сәлимаңды бұзып алғанда, күйінгенің
есіңде ме. Ендеше өзіңмен қарулас болып, жеңісті бірге шыңдаған солдаттың
жанын жаралама, сержант.
Өтінемін!» деп тұрғандай болды.
Біресе көзіме Заман елестеді. Маңдайына түскен қою шашын сілкіп тастап
ол: «Әй, әй, мен сенен мұндай қиянат шығады деп ешқашан ойламаған
едім» деп теріс айналған секілді. «Жоқ, Заман, - дедім мен оған іштей үн
қатып. – Мен қиянатқа қаспын. Азғырсам
– жігітке қиянат, ыстық уәдесін бұздырсам – қызға қиянат. Сенің досың қос
қиянатты арқалай алмайды. Солдатты қадірлегендіктен, қызды сүйгендіктен
өйте алмаймын мен».
– Жоқ, Меңтай олай болса... – дейді еріндерім дірілдеп, өн бойым қалтырап,
- мен саған сертіңді бұз дей алмаймын. - Алтыбақан тепкен екі адамның бірі
төмендегенде, екіншісінің шырқап жоғары көтерілетініндей, таразының
Меңтай жақ басы биікке бір-ақ шықты. - Онда, буынсыз жерге пышақ ұрып,
орынсыз қинағаныма ғапу ет.
309
Достарыңызбен бөлісу: |