Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет311/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Карта  білмейсің,  темекі  тартпайсың,  арақ  ішпейсің.  Сонда  сен  не  білесің 

осы? 

–  Төке,  Төке,  ол  сабақ  оқуды  ғана  біледі,  -  деді  Жомартбек.  -  Жүріңіз,  кәне, 



кезек сіздікі. 

Жігіттер мені жайыма тастап, құлаштай соғып, картаны өздері ойнай берді. 

Осы  кезде  жатақхана  қақпасынан  елбелектеп,  бірі  сақа,  бірі  жастау  екі  жігіт 

кіріп  келе  жатты.  Сақасы  едіреңдеп  алға  шығып,  біздің  қасымызға  тоқтай 

қалды да: 

– Жігіттер, амансыңдар ма? - деді. 

Карта ойнап отырғандар оған оншама мән бере қойған жоқ. «Аманбыз» дей 

салды  да,  отыра  берді.  Едіреңдеген  жігіт  маған  көз  тоқтатты  да,  үстімдегі 

гимнастеркамды көріп: 

– Әй, сен өзің солдат болып па едің, әлде солдат көйлегін киіп отырсың ба? - 

деді нақ бір мені тексеруге келгендей бірден тергей жөнеліп. 

Мен оның бетіне қарадым. Дауысы шіңкілдек, мінезі ожарлау, қаймыжықтай 

жұқа  ерінді,  бітік  көздеу  келген  талдырмаш  сары  жігіт  екен. Жаңа  өсіп  келе 

жатқан,  тікендей  тікірейген  сүйкімсіз  шашы  бар.  Үстіндегісі  су  жаңа  әскери 

киім:  шұға  галифе,  гимнастерка,  офицер  белбеуі,  жып-жылтыр  қара  хром 

етік. Тек фуражкасы ғана жоқ. 

Екіншісінің үстінде де көнетоз солдат киімі бар. 

– Иә, солдатпын, - дедім басымды көтеріп. 

– Солдат болсаң, бері кел, - деді ол маған командирімдей-ақ өкім сөйлеп. 

«Мұның менде не шаруасы бар, ей?» деп ойладым да, орнымнан тұрдым. Ол 

мені үйдің бұрышына таман алып келді де, тағы да тергей бастады. 



317 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет