Әдеби KZ
шыққан шығар деп ойлаған едім. Жоқ, олай емес екен. Профессор мені
өзімен ілесе жүруге икемдеп, сөзін жалғады.
– «Қобыландыны» көруге келгенің абзал болған, көру керек. Жалпы театрға
көп барғанын, спектакльдерді көп көргенің дұрыс. Мен Ленинградта
оқығанда әрбір жаңа спектакльді босатпай көретінмін. Кітаптан оқығанда көп
нәрсе көзден таса қалып қояды. Ал сол оқиғаны сахнадан көрсең, ол
ешқашан ұмытылмастан есіңде жүреді. Сахна тәрбиесі деген – ерекше
тәрбие. Ол ұғымды, жұғымды, ұтымды болады, Ербол. Жалпы өнердің бәрі
ұстаз ғой. Ал ұстаздардың ішінде тыңдаушының құлағына құйып беретін
сұңғыла шешені, ұқсас ерік алдына қоймайтын өзгеше салауаттысы болмай
ма? Ендеше театр өнерін де сондай ұстазға пара-пар деп білуің керек. Театр –
бос ермек, орынсыз күлкінің орны емес.
Ол ақыл мен сезімге нәр беретін орын...
Әуенов өзінің теңіз ырғақты үнімен тебірене сөйлеп кеткен еді. Мен,
даладағы екі жігітті де, театрдан өзім іздеуге келген екі қызды да ұмытып,
профессордың шабытты сөзін ұйып тыңдап қалған болатынмын. Осы кезде
біреу көлденеңдеп келіп, қос қолын бірдей ұсынып, Әуеновтің сөзін бөліп
жіберді. Онымен амандасқаннан кейін профессор қайтадан маған қарады.
– Орның бар ма өзіңнің? Қай жерде? – деп сұрады.
– Бар, Мұхит аға, - деп мен саусағымды шошайтып, төбені нұсқадым. Оным:
«орным балконда» дегенім еді.
– Менің қасымда, бірінші қатарда бір бос орындар тұр. Мен саған ақша
берейін, Ербол.
Егер сол орындардың бірі шын бос болса – билет ал. Орын болмаса – ақша
қалтаңда қалсын, басқа бір керегіңе жаратарсың, өз орныңда отырып көре
325
Достарыңызбен бөлісу: |